Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жүз жылдықта кездескенше...
Оқуға 1 мин
Қызылсай бекетінде тұратын ардагер, жасы тоқсанға келген Анна Самарованы ізбасарлары мерейтойымен құттықтап барды.
Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрғали Нұртаев пен хатшысы Татьяна Каширский және аталған бөлімшедегі кәсіподақ комитетінің төрағасы Хайролла Сәрсеновтердің арнайы құттықтай келгенін көрген қарияның қуанғанында шек болмады. Бір ғасырға жетеғабыл өмір сүрген, жасында көрген-білгендерін тағы бір уақыт елегінен өткізіп, естеліктерімен бөлісіп бір жасап қалды.
– Ардагердің жады мықты. Жасы осыншаға келсе де бізді танып, өткен жылдардан естелік айтып бізді таң қалдырды. Қазір алпыстағы қызының қамқорлығындағы қарияның жағдайы жақсы екен. Сыйлығымызды табыс етіп, жүз жылдық мерейтойына тағы келетінімізді ескертіп кеттік, – деп күлді Нұрғали Нұртаев.