Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты осы жылдың 13-14 қаңтар аралығында "Жолаушылар тасымалы" АҚ 500-ден астам жолаушыны эвакуациялауды сәтті ұйымдастырды,  деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл күндері Астана - Павлодар, Есіл - Атбасар және Көкшетау - Астана учаскелеріндегі автомобиль жолдарына шектеулер енгізілді.  

Осыған байланысты жолаушылар келесі пойыздармен тасымалданды:

- "Павлодар-Нұр-Сұлтан-1" бағыты бойынша №7501;

-  "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Көкшетау" бағыты бойынша №7507/7508;

-  "Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау" бағыты бойынша №6829/6830;

-  "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Атбасар" бағыты бойынша №6803/6804;  

- "Нұр-Сұлтан - 1-Павлодар" бағыты бойынша №7502;

-  "Нұр-Сұлтан-1 – Ерейментау" бағыты бойынша №6832.  

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды. Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.  

Барлық азаматтардан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және осындай ауа-райында сапарлаудан бас тартуды сұраймыз.