Ізденіс мен тәжірибе нәтижесі

Жаңалықтар
25.05.2017, 19:54
 М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақмола колледжі «Кәсіби-техникалық білім беру ұйымында әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүйелеу. Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» деген тақырыпта алғашқы республикалық семинар өткізді.    Шара мақсаты – академияның аймақтық колледждерінің әдіскерлері мен инженерлік-педагогикалық кадрларының өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастырып, шығармашылық қызмет атқаратын оқытушылардың кәсіби жетістігін таныстыру, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін белсендендіру. Колледж директоры Е. Ауесбаев заманауи білім беруде осындай шаралардың маңыздылығына тоқталып, қонақтар мен қатысушыларға сәттілік тіледі. –Биыл біздің академияның құрылғанына 10 жыл. Соның қарсаңында бүгінге дейін білім мен тәрбие беру саласында жинаған тәжірибемізді бөлісу мақсатында академияның еліміздің 4 аймағында орналасқан колледждерінің қызметкерлері және Астана қаласының білім мекемелері мен басқа да бірқатар ұйымдар өкілдерінің басын қоса отырып семинар өткізіп жатырмыз. Семинар үш бөліктен тұрады. Бірінші кезеңі – практикалық бөлім. Мұнда ашық сабақтар, шебер кластар, зертханалық жұмыстар, сабақтан тыс шаралар және дебат өтеді. Екінші кезеңі теориялық бағытта, мұнда баяндамалар оқылады, бүгінгі таңда атқарылып жатқан жаңа бастамалар туралы айтылады, – дейді білім ордасының оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Сәуле Әбдірахманова.       Елордада аталған колледж ғимаратында өткен семинардың бастапқы шарасы – «Автотіркегіш құрылғының қызметі, құрылымы, жіктелуі. Автотіркегішке қойылатын пайдалану талаптары» деген тақырыпта өткен ашық сабақ болды. Тартымдық жылжымалы құрамның құрылысы, теміржолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі пәндері бойынша дәріс бере отырып, арнайы пән оқытушылары Р. Қудабаева мен Б. Аймағамбетова ашық сабақ барысында студенттердің білімін тексерді. Тепловоз және Электровоз деген атпен екі командаға бөлінген жастар қос доңғалақтың қызметі, өндірістік қауіпсіздік ережелері, автотіркегіш механизмі тақырыптарында білімдерін көрсетті.           Бұдан әрі «Станциялық рельстік тізбектер» атты ашық зертханалық сабақта оқытушы Н. Нұрлан теміржолдағы автоматтандырылған станциялық жүйелер туралы түсіндірді.    «Теміржолда тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» саласы бойынша «Ой жүйрік» сабақтан тыс іс шарасы өте қызықты өткізілді. Академияның Ақмола коллледжіндегі орта және жас буын оқытушылары арасында өткен командалық сайыста олар теміржол саласына және жалпы өнер, салт-дәстүрге қатысты дайындалған 5 айналым сынақтарынан өтіп, қарым-қабілеттерін көрсетті. Білім мен ой ұшқырлықтарын ұстаздар қауымы сұрақ-жауап, теміржолдағы кәсіби терминдерді бір-біріне ыммен түсіндіру арқылы жасыратын «Көп сөйлеме» сайысы, болат жолдағы қысқартылған сөздерді екі тілде тарқатып айтудан жарысатын «Сөз-жұмбақ» байқауында танытты. Сөйтіп өздерінің белсенді, білікті, әрі төселген маман екендіктерін дәлелдеп, орта буын өкілдерінен құралған «Темір-тұлпар» командасы жеңіске жетті. Ал енжарлық танытқан «Жас техниктер станциясы» атты жас оқытушылар командасы өз кемшіліктерін мойындауға мәжбүр болды.     Семинар әрі қарай «Ақиқат» дебат клубында оқытушылар мен студенттердің әліппені латын әрпіне көшіру туралы тақырыптағы пікір-таласымен және  әдістемелік жұмыстарға ұласты. «Білім беру жүйесінің әдістемелік қаматамасыз етілуі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, кәсіби маман әзірлеудің әдістемелік жолдары, инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім беру жүйесін кәсібилендіру мәселелері де қозғалды. Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы ғылыми-әдістемелік әлеуетін қалыптастыру, ұстаздардың табысқа ұмтылу мотивациясы мен оны жүзеге асыру жолдары арнайы нұсқаулықтарға түсіріліп, қатысушыларға таратылды.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты