Шығыстықтар белсенділігі жоғары
Жаңалықтар
25.05.2017, 21:11
Ел өміріндегі елеулі жаңалық – мамандандырылған «ЕХРО - 2017» халықаралық көрмесі Шығыстағы жұртшылықты да елеңдетіп отыр. Айтулы шараға орай Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша да бірқатар жұмыстар қолға алынған.
Оның ішінде сала қызметкерлерін көрме билетімен қамтамасыз ету, Елордасы Астана шаһарына бағыт алатын жолаушылар пойыздары қозғалысын кестеге сай әзірлеп, сапарға аттанушыларға қолайлылық жасау сынды маңызды
мәселелер бар.
Бұл бағытта Семей бөлімшесі жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп қарқынды қызметке көшкен. Бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділовтың айтуынша, бүкіл Шығыс Қазақстан облысы бойынша көрмеге жалпы саны 46 669 билет бөлінген. Ал, оның ішінде Семей қаласы бойынша 24 669 билет арналыпты. Бұл аймақ бойынша ең көп көрсеткіш болып табылады екен. Осы орайда, бір ғана сәуір айында 10 мыңның үстіндегі билет қолма-қол ақшаға сатылып кеткен. Ал алдағы апта ішінде барлық жолдаманың сатылып бітуі әбден ықтимал.
Жалпы, жұртшылық сұранысы жоғары болғандықтан да қалалық әкімдік билеттер санын әр түрлі категорияларға бөлуге мәжбүр болған. Мәселен, ардагерлер мен зейнеткерлерге 300 билет, аз қамтылған отбасыларға 150 билет, шағын және орта кәсіпкерлік пен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлеріне 9000 мың билет бөлінген. Мұның сыртында мұғалімдер мен дәрігерлер және мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен мектеп оқушылары бар.
Жаз басталысымен Семей теміржол вокзалы бойынша алыс-жақынға аттанатын жолаушылар нөпірі арта түсетіні белгілі. Оларға «ЕХРО - 2017» көрмесін тамашалауға ниетті тұрғындар санын қоссақ, бекеттегі билет кассаларындағы қарбаластың қандай боларын шамалауға болады. Сол себепті «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығына қосымша жолаушылар пойызын жолға шығару туралы ұсыныс-хат жіберілген болатын. Алайда, қайтарылған жауапта әзірге ондай жоспар жоқ екендігі айтылыпты. Әзірше ел Шығысын Елордамен жалғайтын қос құрам – №67/68 Защита – Астана және №375/376 Лениногорск – Астана жолаушылар пойыздарын қанағат тұтуға тура келмек. Ескерерлігі, сапарға шығушылар саны күрт артар болса, соңғы жылжымалы құрамға қосымша вагондар жалғау ісі көзделуде.
Қазіргі таңдағы болжам бойынша, аймақ тұрғындарының 70 пайызы көрмеге пойызбен барады. Қалған 20 пайызы автобусты қолайлы көрсе, өзге 10 пайызы жеке немесе басқа көлік түрлерін қолданады деп күтілуде. Яғни, шамалап есептер болсақ, көрме мезгілінде тәулігіне Астанаға асыққан 400 адам теміржол қатынасын таңдайды екен. Бұл дегеніміз, жаз мезгіліндегі пойыз билеттерінің сатылымына деген жергілікті халық алаңдаушылығының жоғары екендігін әрі бәрібір қосымша орындардың қажеттілігін айғақтайды. Себебі, Тальго пойызының бір ғана жылжымалы құрамының сыйымдылығы 250 орын болса, №375/376 жолаушылар пойызы 580 орын ғана. Алайда, бұл екі пойыз да Семей қаласына іргелес Защита станциясынан келетіндіктен, вагондар көрмеге аттанған жолаушыларға толы болатыны анық.
Бүгінгі күні сатылымға шығарылған билеттер бағасы деңгейіне қарай 4 мыңнан 8 мың теңге аралығында. Осы ретте бөлімшенің кадр бөлімі мамандары арасында бірқатар сұрақтар да туындауда. Атап айтсақ, теміржолшылардың көрмені тамашалауға аттанған күндерін іссапар ретінде белгілеу қажет пе, әлде кезекті еңбек демалысының қатарына қосқан жөн бе? Немесе теміржолшылар балалары мен ардагерлер, зейнеткерлер сапарына қаражатты кәсіподақ ұйымынан алу заңды бола ма, т.б. сауалдар талқыға түсті.
Сонымен қатар, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на көрмеге барар арнайы билетті көрсеткендерге бір жылжымалы құрам үшін ең кемі 150 пойыз билетін кезексіз сату туралы игілікті ұсыныс жасалынуда. Себебі, кейбір билеттерде құнымен қатар кіретін күні де белгіленген. Мұндай шаралардың барлығы түптеп келгенде еліміз бойынша аса маңызды тарихи оқиға саналатын «ЕХРО - 2017» көрмесін тамашалаушылар үшін мейлінше қолайлылық жасау мақсатында ұйымдастырылуда. Жалпы, бұл тараптағы мәселелер бөлімше басшылығының назарында тұр әрі бірінші кезекте көңіл аударылуда.
Ал, теміржолшылардың өздері көрме билеттерін белсенді сатып алып жатыр. Мәселен, өткен аптадағы мәлімет бойынша 302 билет сатылған. Осыған дейін желі бойындағы станциялар мен бекеттерде арнайы баннерлер ілініп, көрнектіліктер қойылған болатын. Қысқасы, ел өміріндегі айтулы шараға шығыстықтар белсенділігі жоғары болып отыр.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті
Аймақтар
29.05.2026
Алты жасар ақнұрдың жетістігі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 29 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты
Қауіпсіздік
28.05.2026
Жыл басынан бері 24 адам пойыз астына түскен
Жаңалықтар
28.05.2026
Көлік министрлігінде теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі талқыланды