Бәсеке бастауы білімде

Жаңалықтар
25.05.2017, 21:21
Мамырдың 10 мен 25 аралығында Семей жүк тасымалы бөлімшесінде  білікті мен білімділер сайысы өтті.  Онда теміржолшылардың ПТЭ - техникалық пайдалану ережелері, ИДП – пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық, ИСИ – сигнал беру жөніндегі нұсқаулық талаптарын білу деңгейлері сынға түсті. Бұл өзара пікір алмасуға, білімді шыңдауға, шығармашылық қатынастарға толы жарты ай болды. Бөлімшенің өндірістік оқыту нұсқаушысы Жанар Ерғасенова Семей, Жаңасемей, Аягөз, Шар, Дегелең станцияларының теміржолшыларын қамти отырып сайыс өткізудің кестесін түзген. Болат жол мамандары үш конкурстық талап бойынша бақтарын сынап, атқарып жүрген міндеттеріне сай білім жарыстырды. Мамыр айының 10 жұлдызында Семей станциясында бөлімшенің өндірістік - техникалық бөлімінің бастығы Гүлнәр Төлеуханова шымылдығын түрген білімділер бәсекесі кестеге сай айдың 22-23 күндері  Семей вагон пайдалану депосында өтті.    Сайыстың бірінші күні аға вагон қараушы Рауан Бұзаухаевтың ауысымындағы «Тапқырлар» тобы мен аға вагон қараушы Бекболат Мұстафин жетекшілік ететін «Қырандар» командасы бақ сынасты. Талапқа сай бірыңғай киім киген командалар сұрақ-жауап сайысында салалық ережелерге қатысы білім-біліктерін көрсетуге тырысты. «Үй тапсырмасы» кезеңінде түрлі өнерлерін көрсеткен екі жақ та қаражаяу еместерін танытты. Білімділер бәсекесінің бірінші күнін қорытындылаған төрешілер «Қырандар» тобы 120, «Тапқырлар» тобы 100 балл алғанын жария етті. Теміржолшылардың екінші күнгі теке-тірестері де қызықпен, тартысқа толы болды. Бұл күні Мейрам Өтелбеков басқаратын «Ұландар» мен Жұмабек Бекбосыновтың «Алғырлар» тобы жарыс көрігін қыздырды. Әділ қазылар алқасы сайыстың алғашқы турының нәтижесі бойынша жалпы дайындықтың жаман еместігін атай отырып, бірыңғай киім үлгісін сақтамаған «Ұландар» тобына ескерту жасап, ұпай сандарын шегергендерін айтты. Сұрақ-жауап кезеңінде «Ұландар» сапынан Андрей Подпорин, Жәнібек Құрамысов, «Алғырлар» қатарынан Сәуле Алпысбекова, Асқар Құрымбаевтар білім деңгейлерінің жоғары екендігін байқатты.  Екі күнге созылған білім сайысының қорытындысында қазылар алқасының шешімімен 1-орын 120 ұпай жинаған «Қырандар», 2-орын 119 балл алған «Алғырлар» тобына бұйырды, ал 3-орынды «Ұландар» мен «Тапқырлар» бөлісті. Қатысушылар Мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Дәл осындай сайыс Семей станциясында да өтті. Онда 4 топ қатысып өнерлерін ортаға салды. 1-орынды «Три богатыря» командасы иеленсе, екінші сатыдан «Стрелка», ал «Магистраль» компандасы үшінші орыннан  көрінді. –Аталмыш сайысқа бүгінгі күнге дейін он үш мекемеден 200-ден астам теміржолшы қатысты. Мұнда талай жаңа таланттың жолы ашылып, бөлімшенің кадрлық резерві болашағы зор, мүмкіндігі мол, өскелең буынмен толыға түсті, – дейді бөлімшенің өндірістік оқыту нұсқаушысы Жанар Рахымбердіқызы. Ал маусым айында бөлімше бойынша жарысқа қатысушы мекемелердің арасында ақтық сайыс өтіп, онда «Үздік техникалық кабинет», «Үздік бейнефильм» сайыстарының нәтижесі шығарылмақ.  

Ерлан Ғазез, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты