Оңтүстік Шығыс Азия мен ЕАЭО және ЕО арасындағы көлік дәлізін Қазақстан мен Вьетнам салмақ. Осы аралықтағы көліктік-логистикалық тиімді тізбекті Қазақстан аумағы арқылы салуға «ҚТЖ» ҰК» АҚ зор маңыз беріп отыр.Елімізде вьетнамдық Saigon Newрort Cоrporation компаниясының өкілдері өткізген кездесулер мен келіссөздер осы тақырыпқа арналды. Өзара тиімді әріптестіктікті нығайту мақсатында SNC компаниясының директоры Нгуен Данг Нги бастаған делегация «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын, Қытайдағы Ляньюньган портында қазақстандық-қытай инфрақұрылымын аралады. Ал Астанада «ҚТЖ» компаниясының логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаевпен келіссөздер өткізді. Нгуен Данг Нгидің айтуынша, қарқынды дамушы Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары арасындағы Еуразия құрылығының ортасында орналасқан Қазақстан экономикасы мемлекеттердің транзиттік жоғары әлеуетті мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қолайлы.Ұлттық компания вице-президентінің бағалауына қарағанда, Вьетнамнан және оған жүк тасымалдау үшін болашағы зор бағдар ретінде Чунцин – Дуйсбург қарастырылады, оның жалпы ұзындығы шамамен 12 мың км. Бұл бағдар вьетнамдық тауарларды Еуропаға экспорттау мерзімін қысқартып, оның тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Осы шара барысында вьетнамдықтарға «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның қызметі таныстырылып, оның Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін жүзеге асырудағы және логистикалық құзыретін дамытудағы рөлі түсіндірілді. Оларға құрғақ порт пен АЭА аумағының логистикалық және индустриалды аумағына экскурсия ұйымдастырылды.–Біз үшін жолдағы жүктеріміздің ұзақтығын аталған логистикалық тізбек арқылы азайту маңызды. Біздің клиенттеріміз өз жүктерін Қазақстанға, Орталық Азия аймағына және Еуропаға тез тасымалдауға асығуда. Аталған АЭА-тың ашылғанына бір жыл болмаса да бүгінде мұнда күн сайын 3 контейнерлік пойыз қатынап тұрғанын көрдік. Жүктер мұнда ең заманауи құрал-жабдықтардың арқасында СВХ және контейнерлерде сақталады. Болашақта бұл жүктер көлемі ұлғая түсетініне сенімдіміз, –дейді SNC директоры Нгуен Данг Нги. Олардың көптеген клиенті осы бағдарға қазірден қызығушылық танытып отырған көрінеді. Вьетнамның халықаралық нарыққа өте көптеген өнімдер шығаратыны, атап айтқанда, дәстүрлі экспорттық жүктерінің қатарында теңіз тағамдары, жемістер, бұршақ тұқымдас өнімдер, күріш бар екенін ескерсек, бұл бағдар олардың транзиттік уақытын азайту жағынан өте тиімді болғалы тұр.