Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құрылады

Жаңалықтар
28.02.2024, 09:12

Маңғыстауда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин солтүстік-оңтүстік және ТХКМ көлік дәліздерін дамыту бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтау порты мен Иранның солтүстік порттары арасында жүктерді тасымалдау жолға қойылған Солтүстік-Оңтүстік дәлізі баламалы сауда маршруттарын дамыту тұрғысынан өте перспективалы бағыт. Маңғыстау облысы арқылы Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің шығыс тармағы өтеді. Кеңесте көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтқандай, сервисті жақсарту, жүктерді жеткізу уақытын қысқарту және аталған көлік дәлізінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан, Ресей және Түркіменстанның теміржол әкімшіліктері бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша теміржол көлігімен тасымалданған жүктердің көлемі 2,1 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 4%-ға артық. 2027 жылға қарай дәліздің көлік әлеуеті жылына 6-дан 10 млн тоннаға дейін ұлғайтылатын болады», - деді Мақсат Қалиақпаров.  

Транскаспий халықаралық көлік маршруты (TХКМ) – Шығыс-Батыс бағыттарына маңызды балама. Оның өткізу қабілеті 6 млн тонна, 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 65%-ға жоғары.  2024 жылдың басынан тасымалдау 274,2 мың тоннаны құрап, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 147%-ға арта түскен.  ТХКМ-де инфрақұрылымды және терминалдық қуаттарды жақсарту, порттарды кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Мұның бәрі 2027 жылға қарай аталған көлік маршрутының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ең ірі жұмыстардың қатарында «Достық – Мойынты» т/ж учаскесінің екінші жолдарын және «Алматы» айналма теміржол желісін, Ақтау теңіз портындағы контейнерлік хабты, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды терминалын салу, екі портты да тереңдету.

Сондай-ақ көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Маңғыстау облысының әуе және автомобиль көлігі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Маңғыстау облысының елдің көлік-логистикалық жүйесіндегі, әсіресе солтүстік - оңтүстік және ТХКБ дәліздеріндегі стратегиялық рөлін атап өтті. Оларды кеңейту және өткізу қабілетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті