Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Мақсат - кедергісіз аймақ құру
Оқуға 2 мин
Қызылорда вокзалында жергілікті тұрғындармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін сервистік қызмет және жеңілдіктер жайлы Үкіметтік емес ұйымдар мен «Теміржол» филиалының белсенділері танысты.
Вокзалдардың жұмысымен «Магистральдық желі бөлімшесі» директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов таныстырды. Шара барысында вокзалдың ішінен күту залында мүгедектерге арналған арнайы белгілері қойылған орындар, мүгедек жандардың өз бетінше жол жүру құжаттартарын ресімдеу үшін билет кассасы, есту қабілеті төмен жолаушыларға арналған индукциялық панель құрылғылары, сонымен қатар анықтама бюросында мүгедектерге арналған кезекшіні шақыру тетігі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін автокөлік қоятын автотұрақ орындары мен қала мен перрон жағынан орнатылған пандустардың қандай жағдайда екені тексеріліп, партиялық тұрғыдан бақыланды.
Бір ғасырдан аса уақыт бойы халық игілігіне қызмет жасап келген вокзал ғимараты ескі болғанына қарамастан билет кассалары қоларбаға таңылған мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететіндей қайта жабдықталған. Бірақ, вокзал аумағында орналасқан пандустардың стандарттық талапқа сәйкес келмейтіні және мүгедек жандардың автотұрақ орындарында сызылған жер жолақтарын жоқтығы анықталды.
- Біздер вагонан түскеннен бастап вокзал аймағынан шығып кеткенше мұқтаж жандарға көмек көрсетеміз. Вокзал ғимараты ертеректе салынғандықтан перронға көтерілетін пандустарды стандартқа сай етіп қайта салынуы, арнайы автотұрақтарда орын белгіленуі үшін тиісті органдарға ұсыныстар жазылды. Және де мұның бәрі өз ретімен іс жүзіне асырылатын болады,-деп түсіндірді «Магистральдық желі бөлімшесі» директорының орынбасары Жандарбек Өтегенов.