Қызылсайға көпір керек
Шымкент бөлімшесінің Қызылсай станциясы үшін бір аспалы көпірдің керектігі өзектілігін жоймауда. Станция маңының қоршалуы келесі жылдың жоспарына енген.
Ал әзірге не көпір не қоршау болмағандықтан бұл ауылдың жас-кәрісі темір жолдың үстімен өтуді әдетке айналдырған. Станцияның еңбек қорғау инженері Алтынай Пірматова бекет маңындағы темір жолдан жиі өтетін бөгде адамдармен жұмыс жасауды үзбейді. Жергілікті халық қана емес, облыс тұрғындары да хабардар болуы үшін облыстық телеарна мен БАҚ өкілдерін шақырып, тұрғындармен жиын өткізуден де кенде емес. Жыл басынан бері екі рет Шымкент станциясындағы ЖІІБ тәртіп сақшыларымен, күзетшілерімен бірлесіп №102 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Мектеп директоры Дамира Құрымбаева да үнемі оқушыларды жинап, көмек қолын созады. Ақпанда барғанда 8-10 сыныптардың оқушыларын, жақында 6-7 сыныптың 120 баласын жиып, қауіпсіздік дәрісін өткізген. Былтыр оқушыларының ата-анасымен де жолыққан екен. Биылдыққа станцияға жүзге тарта қызылсайлықтарды шақырып, өздері мен балаларының қауіпсіздігін ойлауды тағы ескерткен.
–Айтуын айтқанмен, көпір жоқ болғасын «теміржолдан өтпегенде қайдан өтеміз?» деп өзімізге сұрақ қояды. Ал жұрт «тесік көпір» атап кеткен екі тунель алыста орналасқан. Оның бірінен оқушылар өтеді. Түнгі жарығын үнемі біздің станция басшысы орнатып береді. Сақтандыру белгілерін қойып кетеміз. Бірақ, бұзақы балалар көпке шыдатпай шамдарды сындырып тастайды. Былтыр әкімнің орынбасары келіп, халықпен басқосуда көпір болады деп уәде берген болатын, қызылсаулықтар соны күтіп жүр. Дегенмен, оған дейін станция аумағы қоршалса өтетін жер болмай, тұрғындар амалсыз екі тунелден айналып өтуіне тура келетін еді. Бөгде адамдардан бөлек, теміржол бойында төрт-түлік те қараусыз жайылып жүреді. Кеше ғана машинист шұғыл тежегішті басуға мәжбүр болды,- дейді Алтынай Дарханқызы шарасыз бас шайқап.
Ақпан мен наурыз арасында бекетте «Еңбек қауіпсіздігін сақтау – әр теміржолшының міндеті» айлығы жүрген.
– Кейде теміржолшылапрдың өздері қауіпсіздікті сақтамайды. Ауысымға түсерде тынықпай келеді. Медициналық тексеруден тек пойыз құрастырушылар өтетіндіктен, қалғандары үнемі қан қысымын өлшеп жүрмейтіні рас. Айлық барысында тоғыз пойыз құрастырушы, 12 жүк қабылдап-жөнелтуші, бес оператормен үш рет жиналыс ұйымдастырылды. Кестеге сай, ескертпестен шұғыл тексеру жүргізілді. Әйелдердің жайтабан аяқ киім киюін талап етеміз. Былтыр бір бекетте жұмысқа биік тақалы аяқ киіммен келіп, техникалық кеңседе еңбек ететін жұмысшы-әйел құлап қалған. Оған өзінен басқа ешкім кінәлі емес. Сол жағдай бізде қайталанбауын қадағалаймыз. Осы жерде оншақты жылдан бері еңбек қоршау инженері болғандықтан, жергілікті теміржолшыларды бес саусақтай жақсы білемін, біреулер бір айтқанды екі етпейді ұқыпты, кейбіреуін жекелеп шақырып әңгімелесемін. Бір жетістігіміз, ұжымда теміржолшылардың жарақат алу жағдайы тіркелген емес, - дейді инженер.
Динар МЕЙІРМАН,Шымкент
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды