Теміржолшы туралы ән туды
Болашақ теміржолшылар даярлайтын Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Амангелді Мырзалиев «Теміржолшы мамандар» атты әннің тұсауын кесті.
Амангелдінің өзі де осы оқу орнын «Тасымалды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сосын жоғары оқу орнын бітірген. Теміржолшылар өмірімен жақсы таныс. Оған әншілік қасиет әкесінен дарыса керек. Қызылорда облысының Арал ауданында туып-өскен жігіттің әкесі кезінде жақсы музыкант болған, Алматыда «Жігер» фестиваліне қатысып, лауреат та атанған екен.
–Алайда, әкем өнерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік таппай, бауырларына қарайласып, отбасылық себептермен ауылда қалыпты. Есесіне, біз, балалары, мектеп жасымыздан ән салып, музыкаға әуес болып өстік, – дейді Амангелді.
Теміржолшылар туралы әннің туу тарихына келсек, бірде Ақылбек Жеменейдің мұнайшыларға арнаған әнін естіп, неліктен теміржолшылар туралы ән жазбасқа деген ой мазалаған автор былтырғы жылы музыкасын жазып, нотаға түсіріпті.
–Алайда, құрғақтай орындай салмайсың ғой. Сондықтан, Алматыға барып таныс жігіттерге аранжировкасын жасаттым. Сөйтіп жүргенде көктем болды. Санаулы күн бұрын колледждегі концерттердің бірінде алғаш рет орындадым. Әріптестерім жақсы қабылдады. Сазды, ырғақты, теміржолға қатысты шараларда орындауға болатын ән деп баға берді, – дейді Амангелді.
Бүгінде Амангелдініңқоржынында бірнеше ән бар. Ақтөбенің мерейтойына арнап жазған әнін де жұртшылық жылы қабылдады. Жас жігіт махаббат, сезім тақырыптағы әндерден гөрі отан, ел, мамандыққа қатысты патриоттық сипаттағы туындыларды ұнататын көрінеді. Бірнеше әнін интернеттен жүктеп алуға болады.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды