Ел назары – Елордада

Жаңалықтар
02.06.2017, 09:01
Оқуға 2 мин
Шымкент вокзалында «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне қатысуға мүмкіндік беретін билеттер сатылымға шығарылған. Билеттің  түрлі нұсқалары бар, соған сай бағасы да әр түрлі. Вокзалда диктор әр екі сағат сайын билет кассаларында  сатылымға шыққан «Астана Экспо» дисконтты картасы жайлы мәлімет беріп тұрады. – Бүгінге дейін «Астана Экспо» дисконтты картасының 10 данасы сатылды. Соғыс ардагерлеріне, мүгедек жандарға, оқушыларға көрме билетіне елу пайыз жеңілдік қарастырылған.  Қазір облыс бойынша кейбір мекеме қызметкерлері арнайы Астанаға көрме кезінде баратын пойыздардан орын брондауда. Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана ұжымы  №55-56 Қызылорда – Көкшетау пойызына он кітапханашының  барып-қайтуына тапсырыс берді. «Ордабасы құс» ЖШС  «Сарыағаш – Астана», «Қызылорда – Астана» пойыздарына 19 орын брондап қойды. Д.Қонаев атындағы №25 колледж ұжымы 1-7 шілде аралығында көрмені тамашалау үшін туристік сапарға барып қайтуға 48 студенті мен 4 жетекшісіне  52 орынға тапсырыс берген. Облыстық Мәдениет басқармасына қарайтын «Көрме» «МКҚК» орталығының 10 қызметкері,  Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық институтының 188 оқытушысы мен студенттері,  «Хамет» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 108 қызметкері де осы тізімде тұр. Көрмені тамашалауға баратын жолаушылар саны артса қосымша пойыз шығарылмақ. Теміржол тарифіне сай, брондағы әр билеттің орнына 150 теңгеден төленеді. Егер айтылған уақытта олар брондағы билеттерді сатып алмаса броньға төленген ақшасы күйеді. Ал орындар ашық сатылымға шығады. Жолаушыларға осындай талаптарын түсіндіреміз, – дейді Шымкент магистральді желі бөлімшесі бастығының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Есімжан Заңқоев. Сондай-ақ, көрме кезінде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықты қамтамасыз ету үшін астаналық әріптестеріне көмекке ОҚО ІІД 26 қызметкері 8 мамырдан бастап іссапарға кеткен. Ал, қалалық жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен көрмеге келген қонақтарға қызмет көрсететін 100 ерікті студенттер жақында вокзалға келген қонақтарды күтіп алып, шығарып салып өздерін кішігірім дайындықтан өткізіпті.  Бұл волентерлар  Астанаға келген шет елдік қонақтарға қызмет көрсетпек.     Қысқасы, бүгінде бүкіл ел назары Елордаға ауған. Көпшіліктің әңгімесі Астанада өтетін ұлы дүбір оқиғада.  Айтпақшы, айтулы шара құрметіне аймақтағы локомотивтер түгел «ЭКСПО - 2017»  логотипімен безендірілген.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды