Құбылмалы ауа-райы қауіпсіздікке сын  

Жаңалықтар
02.06.2017, 09:03
Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы басшылығының қолайсыз ауа райында барлық аудандық электр станциялары мен аға электр механиктеріне жоғары вольтты желілерді жоспардан тыс тексеру жөнінде тапсырмасы бар.  Бүгінде Ақтөбе өңірінің қысы да құбылмалы,  көктемдегі күн райы да түсініксіз деуге болады. Сондықтан, тексеріс саны да әдеттегіден артып отыр. Жыл басынан бері жоспарлы тексеруге қарағанда кезектен тыс бақылау жұмыстары көбейген. Жоғары вольтты желілер мен электр тораптарын шамамен 1900 км жүріп өту керек болса, мамандар 2800 км жүріп шыққан. 12600 км кезектен тыс тексерілген. Белгі беру құралдары да әдеттегіден екі есе артығымен қаралған екен. 336 калибровканың орнына 755 данасы қадағаланған. 56 рет оқшаулау кабелін тексеру жоспарланса, іс жүзінде 73 рет қаралыпты.  Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мекемеде өзге де алдын алу шаралары қолға алынып келеді. Есептік кезеңде бірде-бір ақау, пойыздардың уақытынан кешіктірілуі немесе электрмен жабдықтау техникаларының істен шығуы секілді жайттар тіркелмеді. – 2017 жылдың 4 айында техникалық қондырғылардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында 30 км жоғары вольтты желілерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 км сым ауыстырылды. 10 ағаш баған алмастырылды. Желілердегі 16 оқшаулағыш қондырғы күшейтілді, – дейді  Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы Сәкен Орынбаев.  Дегенмен, осы саладағы барлық құрылым басшыларына дистанция аумағында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру мақсатында ескерту, алдын алу секілді шараларды тоқтатпау жөнінде ұсыныстар айтылды. Әсіресе, қазіргідей, күн райының құбылмалылығына байланысты кезектен тыс тексерулер тоқтамау керек. Күрделі метеорологиялық жағдайларда дереу жедел жоспар құрып, сол бойынша әрекет ету қажет. Орталықтандырылған тұйықтау қондырғылары қалыпты жұмыс істемеген жағдайда станциялар мен разъездерге дизель-генераторға ауысу үшін жағдай жасалуы ескертілді. Сонымен бірге, құстардың жұмыртқалайтын уақытында электр бағандары мен өткелдерінде күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізу де ескерілмек.    Жалпы, жыл басталғалы дистанция басшылары 45 рет «Қауіпсіздік күнін» өткізіпті. Жұмыс бригадалары мен кезекші электр монтерларының, энергодиспетчерлік аппараттардың жұмыстары тексеріліп,  ескертулер актіге тіркелген.  Нәтижесінде 5-10 сәуір аралығында бұрмалар мен бұғаттау қондырғылары, байланыс желілерін көктемгі тексеру кезінде ескерту болмаған.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты