Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Өтпеге бейнебақылау қажет
Оқуға 1 мин
Бадамдағы темір жол өтпесі елді мекеннің ортасында болғандықтан, көлік ағыны жиі өтеді. Өтпені төрт ауысымда кезекшілер күзететді.
Автоматты түрде ашылып-жабылатын шлагбаумның ұзындығы жолдың ортасына ғана жетеді. Сондықтан, кейде асығыс адамдар оның жабық тұрғанын елемей өте беретін көрінеді. Сосын, кешкісін музыкасын айғайлатып қойып серуенге шығатын жастар үшін де «жарты» шлагбаумнан өте шығу түк емес екен. Өтпе кезекшілері жүгіріп барып үлгермей де қалатынын айтады. Сондықтан, өтпе кезекшілері шлагбаум толықтай жолды жауып тұрса немесе бейнебақылау қойылса, кезекшіні тыңдамай өте шығатын жүргіншілерге шара қолдану оңай болатынын айтады.
Шымкент жол дистанцисының 3255 шақырымындағы темір жол өтпесінен күніне екі бағытқа 5 мыңнан аса автокөлік қатынайды екен. Ал теміржолдан тәулігіне 25-30 пойыз өтеді.