Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Белкөл станциясы
Ер есімі – ел есінде
Оқуға 1 мин
Белкөл станциясында сыр бойына белгілі теміржолшы Қожахмет Шоқаманов атына көше берілді.
Ұлы Отан соғысына қатысқан даңқты теміржолшы өз ортасына беделді және сол дәуірде орыс-қазақ тілінде шешен сөйлейтін білімді және білікті басшы болыпты. Қожахмет Шоқаманов 1912 жылы Қызылорда обысында дүниеге келген екен. Алдымен шағын бекеттерде онан кейін іргелі станцияларды басқарған екен.
-Қожахмет Шоқаманов , әсіресе шағын бекеттердің жұмысын жақсы ұйымдастыра білген. Ұзақ жыл Тартоғай станциясын басқарды. Соғыс жылдарында Украина даласында қалпына келтіру жұмыстарына шақырылыпты. Сала маманы ретінде соғыстан броньмен босатылып келіп, шағын бекеттерді көтеруге атсалысқан,-дейді теміржолшы-ардагерге Белкөл кентіндегі көшелердің бірінің аты берілуіне сүбелі үлес қосқан аймақ теміржолшылары кеңесінің төрағасы Қазбек Рахметов.