Жексенбі күні түбек теміржол вокзалына Атырау-Маңғыстау пойызымен Құлсарыдан 200-ден астам адам келген еді. Дүйсенбі күні тағы мыңнан аса халық Маңғыстау вокзалына келіп түсті.  

Оның 492 -сі арнайы пойызбен, қалғаны Алматы - Маңғыстау, Атырау - Маңғыстау бағытындағы пойыздармен жеткізілді.  

Келушілер Мұнайлы ауданындағы жатақхана мен эвакуациялық орындарға жіберілді. Сондай-ақ, өз өтініші бойынша  арнайы маршрутпен облыс орталығы мен басқа аудандарға, бұдан бөлек туыстарының үйіне жайғастырылды, деп хабарлайды Мұнайлы ауданының әкімдігі.  

Қазір аталған ауданда 4 эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Қажет болған жағдайда тағы эвакуациялау пункттері ашылмақ.