Самарқаннан Астанаға қош келдіңіз!
Жаңалықтар
06.06.2017, 15:25
3 маусым күні Елорданың жаңа теміржол вокзалына «Самарқан-Ташкент-Астана» жолаушылар пойызы ат басын тіреді. Үш мың жылға жуық тарихы бар ежелгі көне қала Самарқан мен қазақ елінің астанасын жалғайтын жаңа халықаралық пойыз қос ел басшыларының екіжақты ынтымақтастықтығы аясында жүзеге асырылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ бірлесіп ұйымдастырған №451/452 «Самаркан-Астана» пойызы Ташкент, Сарыағаш, Шымкент, Тараз, Шу, Сарышаған, Қарағанды станциялары арқылы өткен.
Алғашқы өзбек пойызының жолаушылар құрамында Өзбекстан теміржолшыларының арнайы делегациясы болды. Оларды «Нұрлы жол» вокзалында қазақстандық әріптестері қазақы қонақжайлылықпен шашу шашып, құшақ жая қарсы алды. Көршілес темір жол әкімшілігінің өкілдері жаңа вокзал кешенін аралап, нысанның ғажайып сәулетіне тамсанып, жоғары деңгейлі сервистік қызметімен танысты.
Өзбекстандық теміржол ардагері Баходир Юсуповтың айтуынша, осындай халықаралық пойызды ұйымдастыру екі ел өміріндегі маңызды оқиғалардың қатарына жатады.
-Біз Самарқаннан Қазақстанға келе жатқанда табиғаты әсем өңірлерді басып өттік. Саяхаттан керемет әсер алдық. Мен бұған дейін осындай ғажайып вокзалды көрген емеспін. Жаңа кіріп келгенде оның сәулетін көріп алған әсерім тамаша. Бұған дейін Астанада бірнеше рет болдым. Елорданың дамуына таң қалумен келемін. Сіздерге қашан да табыс пен игілік тілеймін. Енді сіздер де бізге жиі-жиі қонаққа келіңіздер, - дейді Б.Юсупов.
Самарқан мен Астана арасындағы теміржол қатынасы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыта түседі. Туризмнің дамуына ықпал етеді. Әсіресе, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында бұл бағдардың ашылуы өзекті болып отыр.
-Өздеріңіз білесіздер, қазақстандық теміржол компаниясы 21 наурыздан бастап ашқан №1/2 «Алматы-Ташкент» бағдарымен халықаралық пойыз бар. Ал мына пойыз - біздің құрам. Алғашқы сапарын 2 маусымда бастаған туристік пойыз биыл 25 тамызға дейін екі ортада қатынайды деп жоспарланған. Бірақ халықтың сұранысы жоғары болса, оны әрі қарай да соза түсетін ойымыз бар. Пойыз 9 вагоннан тұрады, оның біреуі вагон-мейрамхана,-деп ақпарат берді «Узбекистон темир йуллари» АҚ жолаушылар басқармасының жетекші маманы Әлишер Абдуллаев.
Жаңа пойыздың алғашқы жолаушылары да қазақ пен өзбек арасын жақындастырған бағдардың ашылуына ризашылықтарын білдірді.
-Біздің ежелгі қаламыз Самарқанмен Астананы тікелей байланыстыратын пойыз шыққанына өте қуаныштымыз. Сіздердің құшақ жая қарсы алғандарыңызға да алғысымыз шексіз. Маған жаңа вокзалдарыңыз өте ұнады. Қазақстанның Астанасында осындай үлкен, әрі әсем вокзал бар екендігін еліме айтып баратын боламын,- дейді Майра Усманова есімді жолаушы.
Арнайы келген теміржол делегациясы кешке «Астана-Самарқан» пойызы қайта өзбек еліне жолға шыққанға дейін Елорданың көрнекі жерлерін аралап, қазақстандық әріптестерінің сыйлы қонағы болды.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Сергей ВОЛОШИН
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты