Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Түбекке Тальго келді
Оқуға 1 мин
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына санаулы күндер қалды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, көрме қарсаңында маусым айының 1-нен бастап Маңғыстауға «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған жаңа пойыз қатынасқа шықты.
Алғашқы рейс - №227/228 «Астана-Нұрлы жол-Маңғыстау» жаңа жолаушылар пойызы 2 маусым күні Астана уақытымен 18:20-да Маңғыстау станциясына келіп тоқтады. «Тұлпар-Тальго» зауытында жасалған 29 вагоннан құралған құрамда жолаушыларға арналған 382 орын бар. Пойыз үш бөліктен тұрады: бизнес класс, турист класс және гранд класс. Гранд класс пен турист класс 12 орындық, ал бизнес класс 10 орындық. Вагондарда жолаушыларға барлық жайлылық қарастырылған. Жуынатын орын, био дәретхана және ауа тазарту жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Пойыздың жолда жүру уақыты 32 сағат, 45 минутты құрайды. Астана, Нұрлы жол, Есіл, Үшмұрын, Тобыл, Әйтеке би, Қандыағаш, Сағыз, Мақат, Бейнеу, Маңғыстау станцияларына аялдайды. Пойыз Астанаға қарай әр үш күн сайын қатынайды. Билет бағасы 14449 теңгеден басталып, 31176 теңгеге дейін.
Аймақ тұрғындарының зор қызығушылығын туғызған ерекше үлгідегі жүрдек пойыз Маңғыстау станциясында 2 сағат 25 минут тұрақтады. Сағат 20:45-те қайта
Астанаға аттанып кетті.