Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент
Әуежайды жапондар жаңғыртады
Оқуға 1 мин
Шымкент қаласына келген жапондық «Jalux» және «Toyota Tsusho Corporation» компанияларының өкілдері Шымкент әуежайын заманауи талаптарға сәйкес жаңарту жобасына қатысуға ниет білдіруде.
Бұл ұсынысты делегация мүшелері облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының, облыс әкімінің орынбасары мен Шымкент әуежайының өкілдерінің қатысуымен өткізілген кеңейтілген отырыста ортаға салды.
Жиында алдымен әуежай терминалын кеңейту және халықаралық стандарттарға сәйкес қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесі сөз болды. Яғни, ұшу залы мен ұшып келу терминалдарын біріктіру ұсынысына әкімдік өкілдері де қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Шымкент әуежайын жекешелендіру жоспарын ескере отырып, бұл ұсынысты одан әрі талқылаудың қажет екенін және жекешелендіру процесіне жапон инвесторларының да қатысуға мүмкіндігі бар екені аталды.
Бүгінде Шымкент әуежайында тәулігіне алты мыңға жуық жолаушы келіп, кетеді. Ғимаратты жаңғыртуға ниет білдіріп отырған «Japan Airlines Со.Ltd» компаниясының еншілес компаниясы болып табылатын «Jalux Inc» – авиациялық бизнес саласында өзіндік орны бар екенін, Жапония, АҚШ, Тайланд, Лаос сияқты елдердің әуежайларына инвестиция салып, сол әуежайлардағы сауда аймақтары мен басқа да инфрақұрылымдарын дамытып, басқарып отырғанынымен мысал етті.