Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

Жаңалықтар
06.06.2017, 18:06
Бурабай баурайындағы С.Сейфулин атындағы шипажайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесінің мәжілісі өтіп, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясы және «Жолаушылар тасымалы» АҚ,  «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылары кеңес мүшелері алдында есеп берді. Кеңес жиналысына сонымен қатар Магистральды желі дирекциясының жол, электрмен жабдықтау, белгі беру-байланыс шаруашылықтарының, Кадр және әлеуметтік жұмыс департаментінің жетекшілері қатысты.  Бірінші болып сөз алған Магистральдық желі дирекциясының бас инженері  Қайырбай Орынбаев жаңа темір жол желілерінің, екінші жолдардың салынуына  және вокзал шаруашылығының Дирекция қарамағына берілуіне байланысты инфрақұрылымның негізгі қорларының көлемі артқанын мәлімдеді. Мәселен, магистральдық темір жол желісінің пайдаланымдағы ұзындығы 1275 км ұзарып, бүгінде 16 042 км құраса, қазіргі таңда темірбетонды негіздегі жолдар ұзындығы 14069 км, түйіспесіз жолдар ұзындығы 12219 км, жекелеген пункттер саны 837 бірлікті, жасанды имараттар саны 10460 бірлікті, автоблоктау құрылғысымен жабдықталған жолдар ұзындығы 13329 км, ал электрлендірілген жолдардың пайдаланымдағы ұзындығы  4217 км құрап, Дирекция қарамағында 407 вокзалдың бар екені белгілі болды. Ал пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін және де құрамдарды белгіленген жылдамдықпен өткізу үшін инфрақұрылым нысандары үнемі бақылауда болуды және уақытылы күтім жүргізуді қажет етеді. Осыған орай «ҚТЖ» ҰК»АҚ президенті Қ.Алпысбаевтың тапсырмасына сәйкес Магистральдық желі дирекциясының 5 жылға арналған техникалық саясаты әзірленген. Қайырбай Ермекұлының айтуынша, техникалық саясат шеңберінде бірнеше шараны жүзеге асыру қарастырылып, оның оң нәтижесі көп болмақ. Солардың бірі  магистральдық желі дирекциясының  негізгі қорларының табиғи тозу деңгейі 7%  төмендесе, жолаушылар пойыздары үшін орта есептегі қозғалыс жылдамдығы 89,71-ден 93,1 км/сағатқа дейін, ал жүк пойыздарынікі 69,91-ден 70,01 кмсағатқа дейін ұлғаймақ. Бас инженер сонымен қатар дистанциялар жұмыскерлерінің өз міндеттерін мінсіз орындап және өндірістік көрсеткіштерді жақсартуы үшін Магистральдық желі дирекциясы тарапынан  биыл Дирекция қарамағындағы филиалдар  ережесі әзірленіп, ол «ҚТЖ» ҰК»АҚ Басқармасымен бекітілгенін атап өтті. -Абыройлы еңбек мәртебесін көтеруге бағытталған бұл шара дистанция жұмысының тиімділігіне оң әсер етіп, ұжымдық рух-жігерді жақсартуға ықпал етері сөзсіз. Рейтингке қатысушылар бағасы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін, тоқсандық, жарты жылдық, 9 ай, жылдық өндірістік-қаржылық және сапалық көрсеткіштердің орындалу қорытындысы бойынша жүргізілетін болады. Әлбетте, бағалау барысында мекеменің техникалық жарақтандырылуы, қызмет көрсету телімінің ұзындығы және нақты жүктемесі есепке алынады, – деді ол. Магистральдық желі дирекциясының бас инженері қайта құрылымдау бағдарламасы аясында дирекция қарамағына берілген вокзал шаруашылығының жұмысынан да мәжіліске қатысушыларды хабардар етті. Оның айтуынша,  аталған шаруашылықта вокзалдарда жолаушылар қауіпсіздігі деңгейін арттыру, жайлылық пен вокзалдарда көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда екен, өткен жылы дирекция балансына  407 вокзал ғимараты мен 509 жолаушылар платформасы берілген. -Вокзал шаруашылығы алдына қойылып отырған басты мақсат, вокзал ғимараттары мен оның аумағында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Биыл 16 вокзалға жолаушыларды тексеріп өткізетін құрылғы орнату межеленген. Сол үшін 56 жинтық тексеріп өткізетін жабдық сатып алынды, құзіретті органдармен жаңағы жабдықтарды орналастыру схемасы қарастырылды, персоналдар оқытылып, дайындалды. Ақпан айынан бастап Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында, ал 1 сәуірден бастап Астана вокзалында тексеріп өткізу жүйесі енгізілді. Ал 1 маусымнан бастап еліміздің 13 ірі вокзалында, атап айтқанда, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Шу, Орал, Атырау, Маңғышлақ, Семей және Бейнеуге жолаушылар мен багажды тексеріп өту  жұмысы басталды, – деп түйіндеді сөзін Қайырбай Ермекұлы. Кеңес мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Мысалы, ардагерлерді темір жолда жүзеге асырылатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында қандай шаралар қарастырылып отырғаны қызықтырды.      Оған Автоматика, телемеханика және телекоммуникация департаментінің 1-дәрежелі бас менеджері Руслан Көктеубайұлы жауап берді: «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жолдауында айтылған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша шаралар бізде жүзеге асырылуда. Өткен жылы Транстелеком тарапынан 15 мың км астам талшықты-оптикалық байланыс желісі жүргізілсе, биыл Жамбыл – Жаңатас телімінде әуе байланыс желісі СОБ жартылай автоблоктау  оптикаға алмастырылды. Биыл Защита белгі беру-байланыс дистанциясы аумағындағы 22 станциядағы жартылай автобұғаттауды, сонымен қатар үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін Қандыағаш, Атырау телімдеріндегі, Д.Нұрпейісова разъезіндегі диспетчерлік белгі берудің барлық түрін ТОБЖ-ға алмастыру межеленіп отыр. Ал биыл 31 желтоқсанға дейін Қандыағаш, Ақтөбе, Орал, Озинки телімдеріндегі оперативті-технологиялық бапйланыс құрылғыларын жаңғырту көзделген. Сөйтіп, біз алдағы үш жылда Қазақстанның негізгі бөлігін ТОБЖ-ға ауыстырып, одан әрмен қарай ЛАЗ желілік аппараттарын жаңғыртпақпыз. Осы шаралар аяқталғаннан кейін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жалғасын таппақ», деді ол. Консультативтік кеңес мүшелері қозғаған басты мәселе, жол дистанциялары жұмыскерлерінің еңбекақысына қатысты болды. Олар жолшылардың жалақысының төмендігіне қынжылыс білдіре отырып, осы мәселені егжей-тегжейлі қарастыруды тапсырды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның өндірістік жөніндегі вице-президенті Айбат Қанғалиев өткен жылы жолаушылар айналымы 16 млрд 483 млн жолаушы-км деңгейіне тұрақтап, 2015 жыл деңгейіне қарағанда 67 млн жолаушы-км артқанын, соның ішінде, Тұлпар-Тальго пойыздары жолаушы-км көрсеткіші  1,8 есеге өскенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол жолаушылар жылжымалы құрамын жаңарту бағдарламасы шеңберінде былтыр жаңаша жетілдірілген Тұлпар-Тальгоның 116 вагоны және 24 электропойыз вагоны сатып алынғанын, сөйтіп, осы бағдарламаның арқасында 2010 жылдан бері жолаушылар вагонының тозу деңгейі 79 %-тен 46 %-ке дейін түскенін атап өтті. Жолаушылар шаруашылығының өкілі 2017-2021 жылдар аралығында тағы да Тұлпар-Тальгоның 487 вагонын сатып алу межеленіп отырғанын, ал бұл 2021 жылға қарай тозу деңгейін 38% дейін төмендететінін жеткізді. Жылжымалы құрам паркін жаңарту өз кезегінде бағдарларын желісін әрмен қарай дамытуға мүмкіндік беруде. Былтыр кең шанақты Тұлпар-Тальго вагондарынан жасақталған әлеуметтік маңызға ие субсидияланған пойыздар Астана – Алматы және Алматы – Шымкент бағыттарына ұйымдастырылды. Ал ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өтуіне орай үш уақытша пойыз Астана – Маңғышлақ, Астана – Шымкент, Астана – Атырау бағыттарына ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар стандартты вагондардан  жасақталған 7 уақытша пойыздар, 3 уақытша қала маңы пойыздары ұйымдастырылмақ. Қолданыстағы пойыздардың сұлбасын ұлғайту үшін 100-ден астам қосымша вагон тіркеледі, – деген  Айбат Жақсылықұлы мәжіліске қатысушы кеңес мүшелерін жолаушылар көрсетілетін сервис түрлерімен де таныстырып өтті. Кеңес мүшелері «ҚТЖ» ҰК»АҚ-ның еншілес ұйымдарында, Магистральдық желі дирекциясы шаруашылықтарында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп,  өз ұсыныстары мен ұйғарымдарын ескеруді, келесі жылы өтетін кеңес мәжілісінде осы тапсырмалардың оң шешімін күтетіндерін айтып, баяндамашылар жұмысына сәттілік тіледі.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті
Аймақтар
29.05.2026
Алты жасар ақнұрдың жетістігі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 29 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты
Қауіпсіздік
28.05.2026
Жыл басынан бері 24 адам пойыз астына түскен
Жаңалықтар
28.05.2026
Көлік министрлігінде теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселесі талқыланды