Арсен БАЙЗАҚ, Тараз
Жүлде – Түркияға жолдама
Оқуға 1 мин
15-25 мамыр аралығында Жамбыл теміржолшылары арасында «Кадрлық резерв» байқауы өтті. Аталмыш байқауды жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін арнайы комиссия құрылып, оған сала басшылары жетекшілік етті.
Байқауға аймақ теміржолшылары арасынан станция кезекшілері, пойыз құрастырушылар мен вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушілер талаптары бойынша аймақтағы 13 маман қатысуға тілек білдіріпті.
–Негізі байқауды ұйымдастырудағы басты талап – теміржолшы мамандардың біліктілігін арттыру, лауазымдық ынталандыру. Кәсібилілігін шыңдай түсу. Жыл сайын байқауға қатысушылардың қатары да артып келеді. Биылғы жылғы байқауға әу баста 21 маман ынта танытқанымен, жұмыс уақыты, өзге де мәселелерге байланысты 13 маман қатысты. Олардың алтауы финалға өтіп, нәтижесінде Талас станциясының пойыз құрастырушысы Алмаз Анарбаев бірінші, ОП-115 бекетінің қызметкері Константин Лыгарев екінші орынды иеленді. Бұл бірінші және екінші орынды иеленген жүлдегерлер демалыстарын Түркияда өткізуге жолдама алды. Ал үшінші орынды иеленген Шу станциясының пойыз құрастырушысы Серік Жамбыршиевке смартфон сыйға берілді. Алдағы уақытта қатысушыларды барынша ынталандыру мақсатында жүлде қорын да арттыруды қолға аламыз, - дейді комиссия төрағасы.