Қытай-Қазақстан: стратегиялық серіктестікке – 25 жыл   

Жаңалықтар
09.06.2017, 11:39
 ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында ашылған «Көрікті Қазақстан – Көркем Қытай» фото көрмесінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының да жетістіктері көрініс тапты. Бүгінде екі ел арасында энергетика, логистика және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық белсенді даму үстінде. Мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Сонымен қатар Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының өзара ұштасуы екі елдің түрлі саладағы экономикалық дамуы мен ынтымақтастығын ілгерілетуде.    Фотокөрмеде екі ел фотошеберлерінің Қазақстан мен Қытай  халқының тарихын, мәдениетін және өмірін бейнелейтін 100-ге жуық туындысы келушілер назарына ұсынылды. Бұл туындылар тақырыбына негізінен елдер арасындағы достықты насихаттау арқау болған. Соның ішінде жабық басқару тәсілін жүргізіп, сауда келіссөздерін өткізу, сауда көрмесі мен сауда-саттық, тасымалдау, мейманхана, қонақ үй, сауда және қаржылық қызмет көрсету, трансшекаралық түрлі халықаралық экономикалық сауда келіссөздерін өткізу функцияларын атқаратын «Қорғас» халықаралық ынтымақтастық орталығының суреті,  Алашанькоу зат алмастыру қоймасы мен Ақтау халықаралық теңіз сауда портының фотолары мен деректері көрменің бір бұрышынан орын алған. –Бұл көрме ЕКСПО-2017 қарсаңындағы маңызды шаралардың бірі бола отырып, әрі екі ел үшін де өзара ынтымақтастықты дамытуда «жаңа терезе» болғалы тұр. Осы терезе арқылы көршілес елдердің тек әдемі табиғаты мен пейзажын тамашалап қана қоймай, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының жан-жақты тоғысуынан болатын жетістіктерді, «Бір белдеу-бір жол» ортақ жобасы бойынша екі ұлы халықтың үкілеген үмітін де байқай аласыздар, - деді ҚХР-ның ҚР-дағы өкілдігінің кеңесшісі Лю Цзянпин аталған фото альбомның ашылу рәсімінде.   Қазақстанның аспан асты елімен байланысы осы жылдар ішінде барлық салада қарқынды дамуда. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» сияқты көліктік, инфрақұрылымдық ірі жобалар іске асуда. Бұл Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық серіктес деңгейіне шыққанын білдіреді. 2013 жылы Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин «Жібек Жолының экономикалық белдеуін» жүзеге асыру идеясын Астанада әлем назарына ұсынғаны белгілі. Қытай басшысы Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың «чемпионы» деп атады. Бұл көршілес екі елдің бір- бірін шынайы бағалайтынын білдіреді.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты