Ольга Ушакова, Өскемен
Ескертуден кенде емес
Оқуға 2 мин
Шығыс Қазақстан теміржолы бойынша жыл басынан бергі 4 айда жолда адам мен малға, көлік құралдарына қатысты қауіпсіздік шараларына арналған көп шара өткен.
Бұл туралы аймақ теміржолшылары мен желілік тәртіп сақшылары қатысқан жиында сөз болды. Аталған мерзім ішінде теміржолға жақын елді мекен тұрғындары мен оқу орындарының жастарымен 97 рет кездесу өткізіліпті. Оған барлығы 3 мыңнан астам адам қатысқан. Теміржол мамандары да теміржолдан өту ережелері жазылған 140 жадынама таратқан. Тәртіп сақшыларымен 79 бірлескен рейд ұйымдастырылып, соның барысында 56 ереже бұзу фактісі тіркелген. Ай сайын комиссиялық байқау кезінде де теміржол өткелдері тұсындағы дауыс күшейткіштердің жұмысы тексеріледі.
Өткен 4 ай ішінде локомотив бригадалары 38 оқыс тежеу беріпті. Олар 18 жағдайда адамдарды, 15 жағдайда малды және 2 рет бөгде затты, үш рет көлікті басып кетуінің алдын алған.
Семей магистральды желі бөлімшесі директорының орынбасары Марат Исағұлов әрбір оқыс тежеу болған сайын жолшылар тәртіп сақшыларымен бірге жолға шығатынын айтты. Олар 600 рет мал иелеріне малды теміржолдан алып өту және жол маңында бағу ережелерімен таныстыратын хат жіберген. Теміржол ережелерін сақтау туралы 5 баннер ілінген. Екі мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған 1300 оқушы қатысқан. Қысқасы, защиталық теміржолшылар қауіптің алдын алу, ескерту жұмыстарын жүргізуден кенде емес, жолшылар айтпақшы, еститін құлақ болса...
Осындай жұмыстарды Шар - ЖаңаӨскемен телімінде «Досжан темір жолы» АҚ да жүргізген. Олар өздеріне қарасты телімде малға қарсы қоршаулар қойғанның арқасында қауіпті белгі беру жағдайлары азайғанын айтады. Барлығы 85 км жол тізбегі қоршалған. Биыл тағы 5 км жол қоршалмақ.