Жоғары сынып оқушыларына көлік саласы бойынша бағдар берілді

Жаңалықтар
27.05.2024, 11:36

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі 20-24 мамыр аралығында жоғары сынып оқушыларын көлік саласындағы кәсіптермен жіті таныстыру үшін әрі түлектерді көлік мамандығын таңдауға шақыру мақсатында қалалық, аудандық және ауылдық мектептердің 9-11 сынып түлектері арасында кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған кездесулерде сала сарапшылары теміржол, авиация, теңіз саласы және автомобиль көлігіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Көлік мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері логистика, авиация, теміржол, теңіз және автомобиль көлігінде жұмыс істейтін мамандарды даярлауға бағытталған мемлекеттік гранттар мен оқыту бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар қорытынды емтихандарға дайындалу, курстар мен бағдарламаларды таңдау, тағылымдамалар мен тәжірибелік сабақтардың мүмкіндіктері туралы кеңестер берілді.

Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, мектеп түлектері үшін көлік әлеміне қатысты жолдаған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі туды.

Жиынға көлік саласының сарапшылары ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ, әуе компаниялары, Қазаэронавигация, Қазавтожол, Қазақтеңізкөлікфлоты, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, Қазақтеңізкөлікфлоты, әуежайлар, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, Қазақстан су жолдары, жолаушылар мен жүктердің автомобиль тасымалдаушылары сияқты көлік саласының жетекші компанияларының қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ мектеп түлектерінің назарына Логистика және көлік академиясы, Азаматтық авиация академиясы, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Алматы менеджмент университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен басқа да оқу орындары туралы ақпарат ұсынылды.

Осыған байланысты ҚР Көлік министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, аталған мамандықтар бойынша берілетін гранттар санын ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша жеке бағдарлама қайта жанданды. Бұрын-соңды жүргізілген талдауға сәйкес, қазір жол саласында 1,5 мыңға жуық маман жетіспейді. Осылайша, автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі проблемаларының бірін шешу үшін білікті жолшыларды даярлау бағытына биыл мыңға жуық мемлекеттік білім беру гранты бөлінеді.

 

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды