Әлем назары – Қазақстанда
Жаңалықтар
13.06.2017, 11:02
Өткен жұма көптен күткен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі салтанатты түрде ашылып, Елорда төрінде 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өкілдерінің басы қосылған ауқымды шара шымылдығын түрді.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрмесін Қазақстанның ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасынан бірінші болып өткізіп отырғанын атап өте келе, барша жұртты осы бір айтулы шараның ашылуымен құттықтады. Құрметті қонақтар қатарында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпи, Ресей, Қытай, Беларусь, Чехия, Түрікменстан, Тәжікстан, Армения, Өзбекстан, Сербия және Моңғолия елдерінің президенттері мен Үндістан мен Пәкістан, Люксембург Ұлы Герцогтігінің премьер-министрлері болды.
– ЭКСПО халықаралық көрмесі – жаһандық кеңістікте елімізді танытудың және «Қазақстан» ұлттық брендін ілгерілетудің жаңа белесі. Біз «Болашақтың энергиясы» тақырыбын ұсына отырып, ғылыми прогрестің бел ортасында болуды қалаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті «ЭКСПО-2017» көрмесі осы жаһандық үдеріске өзінің айрықша үлес қосатынына сенім білдірді. ЭКСПО бағдарламасында 6 мың түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Олар әлем елдері арасындағы өзара түсіністікті дамытуға, ғылым, бизнес және қоғам арасындағы табысты іс-қимылға, сондай-ақ Қазақстан мәдениетімен танысуға септігін тигізеді.
«ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтіп, Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерт аяқталған соң көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып отшашуды тамашалады.
Көрмені аралаушылар назарына басты нысан – жер шарын бейнелейтін «Нұр Әлем» сферасы ұсынылды. Оның әр деңгейі энергияның белгілі бір түріне арналған. Сфераның өзегінде Қазақстаннның ұлттық павильоны орналасқан. Онда қазақстандық ғалымдардың ең озық жобалары көрсетілген Қазақстанмен танысу аймағы және «Жасампаз энергия» аймағы бар. ЭКСПО көрмесіне мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 130-дан астам экспозициялары әкелінді. Екі тақырыптық павильонда энергетиканың эволюциясы, оның ХХІ ғасырдағы проблемалары және осы саладағы технологиялық өрлеу сәті көрсетілуде. Көрменің іскерлік бағдарламасына тоқталсақ, оның аясында Астана экономикалық форумы, Шетел инвесторларының кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті сияқты бірқатар ірі халықаралық іс-шаралар өткізілуде. Көрме жұмысы аяқталған соң бұл жерде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейтін болады. «Жасыл» технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық құрылмақ. ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі ашылады деп жоспарлануда. Осылайша, еліміздің, өңіріміздің және әлемнің игілігі үшін ЭКСПО-дағы «инновацияның тамыр соғысы» жалғасатын болады.
Аумағы 25 гектарды құрайтын Көрме кешенінде 115 мемлекеттің павильоны орналасқан. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және 100% жаңартылатын энергия көздері есебінен өмір сүретін алғашқы ел – Коста-Рика бар. БҰҰ, ШЫҰ, МАГАТЭ, ЭСКАТО сынды 22 халықаралық ұйым да «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады. Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сүйенсек, Көрме өтетін үш айда Астанаға 2,4 миллион адам келеді. Олардың 15 пайызын шетелдік туристер құрамақ.
Ұлан ОРАЗ
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты