Атырау теміржолшылары теологтардың қатысуымен «Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі және ислам діні» атты жиын өткізді. Айтулы шараның мақсаты - тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру,экстремизмнің алдын-алу, дәстүрлі рухани-имандылық, діни құндылықтарды насихаттау, кеңінен түсіндіру. Шараға Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығының » бөлім маманы Ернар Абзалұлы, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы Батырбек Убаев, осы орталықтың өкілі Амангелді Оразов, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің антитеррорлық қорғау бөлімінің инженері Асқар Күзембаевтар қатысты. Теологтар теміржолшы мамандарға дәстүрлі дін мен жат ағым арасындағы айырмашылықтарды зерделеп айтып жеткізді. Айталық, Ернар Абзалұлы тарихшы маман ретіңде Ислам дінінің қазақ тарихына қатысты деректерін айтып, бүгінгі күні дәстүрлі емес діни ағымдардың қазақты мұсылмандықтан ада ету жолындағы түрлі амалдарын айтып жеткізді. Ал, теолог Батырбек Убаев, қазақтың салт-дәстүрі,ырымы мен тиымына қатысты жағдайларды саралап айтып, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр, ырым мен тиымдарды жоққа шығарушылардың көздеген мақсаттарын айтты. Арнаулы слайдтар арқылы дәстүрлі емес діни ағымдардың атаулары, яғни Сәләфилерден бөлініп шыққан Мадхалиттер, Суруриттер, Тәкфіршілер және Хаддадия туралы түсінік берілді. Оларды ұстанушылардың намаз оқу тәртібі, діни әдебиеттері мен дәстүрлі ата дінімізді ұстанушылардың намаз оқуы мен оқылудағы діни әдебиеттері, намаз оқу әдебі туралы, кімдердің уағыздарын тыңдау дұрыс,қандай әдебиеттерден сақ болу керектігі туралы кеңінен түсіндіріп берді. Жиын соңында Дін істері басқармасының тапсырысыбойынша дайындалған «Ұл» атты шағын фильм көрсетілді. Теміржолшылар тарапынан қойылған сауалдарға теолог мамандар жауап берді.

Тұрсын ҚАЛИМОВА АТЫРАУ