80-нен астам колледж студенті ҚТЖ пойыздарында жолсерік болып жұмыс істейді

Жаңалықтар
05.06.2024, 12:07
Фото Елены Колдасбаевой

Алматы логистика және көлік академиясы көлік колледжінің  80-нен астам студенті "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның "Экспресс" филиалында пойыздар жолсеріктері ретінде жазғы тәжірибеден өтеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Студенттерді қабылдау ҚТЖ-ның жыл сайынғы "Жазғы студенттік отрядтары" жобасы аясында өтуде.  

Студенттер Алматы — Семей және Алматы – Защита бағыттары бойынша пойыздарда еңбек етеді. Жұмыста оларға әбден ысылған әріптестері көмек көрсетеді.

Іс жүзінде олар клиентке бағдарланған жолаушыларға қызмет көрсету дағдыларын алады, мінсіз қызмет көрсету әдістерін меңгереді, пойыздарда көрсетілетін қызмет түрлері мен сапасы туралы біледі.

Жұмыс қорытындысы бойынша өзін жақсы жағынан көрсеткен студенттер одан әрі жұмысқа орналасуға шақырылады.

"Жазғы студенттік отрядтары" жобасы кадрлық әлеуетті дамытуға, жұмысқа орналастырылған жас мамандардың үлесін арттыруға, бейінді оқу орындарының жұмыс берушімен тиімді өзара іс-қимылына және студенттердің білімін практикалық қолдануға бағытталған.

Осы жоба аясында логистика және көлік академиясының 18 студенті Достық және Алматы станцияларында жол монтері болып жұмысқа орналастырылды.

Барлық студенттермен мерзімді еңбек шарттары жасалады, оларға штат кестесіне сәйкес жалақы төленеді.  

 

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды