Өлке тарихының шежірешісі
Жаңалықтар
13.06.2017, 14:13
Түбек теміржолына 40 жыл еңбегі сіңген ардагер, Құрметті теміржолшы, "Құрмет белгісі" орденінің иегері, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы Амандық Алдабергеннің "Аманат" атты кітабы оқырманға жол тартты.
Өлке тарихынынң шежірешісі атанған теміржолшының бұл соңғы 15 жылдың ішінде жарыққа шығарған оныншы жинағы екен. Ардагер бұған дейін де "Маңғыстаудың күре тамыры", "Өмір мен аңыз", "Махаббат өрімі", "Теміржолдың түп қазығы", "Өмір өрнектері", "Жұлдыздай аққан жылдар-ай!..", "Түбекті түлеткен теміржол", "Шешілген түйін" және "Жоли баба" атты кітаптардың авторы болатын. Оның көбі аймақ теміржолының өткені мен бүгінін, қыры мен сырын қамтитын жинақтар. "Аманат" мүлде басқа бағытта, теміржолшының поэзия жанрындағы бірінші еңбегі.
Маңғышлақ станциясында тәуелсіздіктен кейін алғаш құрылған аудан - Мұнайлының 10 жылдығы аясында Маңғыстау-5 ауылындағы №8 мектептен ашылған мұражай бөлмесінен ардагер Амандық Алдабергенге бұрыш бөлінген. Онда түбектің шежіресін жинақтаушы ардагер-темржолының бүкіл кітаптары мен жинаған фотосуреттері, құжаттар, қысқасы Маңғыстау темір жолының жарты ғасырлық тарихы түгел жинақталған.
Маңғыстаулық теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амандық Алдаберген «ҚТЖ»ҰК»АҚ президенті жанындағы Консультативтік кеңес мүшесі. Жуырда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстағы кеңес төрағасы Серікбай Төлетов Амандық Алдабергенді «Қазақстан ардагерлер ұйымына — 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттап, кеңестің ерордада өткен мерейтойлық салтанатына қатысып қайтқанын, онда жерлесіміздің еңбегі ерекше аталып өткенін жеткізді. Ардагер теміржолшы басқарып отырған салалық ардагерлер кеңесінің жұмысымен танысып, оң бағасын берді.
— Қазір аймақтық кеңесте 792, Мұнайлы ауданындағы бастауыш ұйымда 250 теміржолшы ардагеріміз, Жаңаөзен, Шетпе, Бейнеу станцияларында тораптық ұйымдарымыз бар. Олармен байланысты жұмыстарымызды әр тоқсанға бөліп, стендке іліп қоямыз. Сонымен қатар қабырға тақтасынан қашан, кімнің мерейтойы болатыны, өткен күндердің естелік фотосуреттері, өзге де ақпараттарды табуға болады,-дейді кеңес жұмысынан хабар берген Амандық Алдаберген.
Айтуынша, стендтің электронды нұсқасын былтыр Бурабайда өткен теміржолшы ардагерлердің семинар-жиналысына алып барыпты. Оған өзге өңірлердің бастауыш ұйымдары да қызығушылық танытып, ардагердің идеясы көпке үлгі болған көрінеді.
Шахида Жұман, Маңғыстау
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты