Ұстазы жақсы қандай-ды...

Жаңалықтар
13.06.2017, 14:21

2015 жылдың жазы, тамыз айы еді. Қолымда табақтай диплом, оқуымды бітіріп, темір жол мамандығы бойынша жұмыс іздеп Қарағанды магистральды желі бөлімшесінің табалдырығын аттадым. Бұдан бұрын да бірнеше мекемеге соғып тауым шағылып қалған ба, именшектеп жүрексіне кірген мені кадр бастығы жылы шырай танытып қарсы алды. Құжаттарыммен танысып, жұмысқа қабылдану үшін бастықтың алдына кіресің деп сол кездегі  Қарағанды магистральды желі бөлімшесінің  бастығы назыр Қосубаевқа алып барды. Құжаттарыммен аықтапй танысып, арасында сұрақтар қойып отырып, бөлімше басшысы мені бірақ сынағандай болды. Жұмыстың тіпті де оңай емес екенін, институт бітіре сала кабинет емес, желі бойына жіберіп, алыс станцияларға жұмсайтынын да, онда жұмыс тіпті қауырт болатынын да құлаққағыс етті. Мен бәрін дайын екенімді, теміржолшы болу үшін төрт жыл оқығанымды жеткіздім. Міне, осылай бір-ақ күнде жұмысқа қабылданып, кадр бөліміне  құжаттарымды тапсырып, келесі күні жұмысқа шыққан едім.  Дәл осы күннен бастап Назыр Қосубаев  менің темір жолдағы және өмір жолындағы ұстазым болды. Мен оның шәкірті болып қабылдандым. Адамды танып-білу үшін көп уақыт керек болмаса керек. Осы екі жыл уақыт ішінде мен еңбек жолындағы алғашқы ұстазымның қол астындағы жұмысшыларға, қарапайцым халыққа деген қамқорлық пен жанашылрығын, іске адамлдығын білі таныдым және өзіме үлгі-өнеге алдым. Қазіргі таңда Қосубаев Назыр мырза Ақадыр машиналандырылған жол дистанциясының басшысы. Бұл дистанцияның атқаратын қызметіне темір жол жолдарын күрделі жөндеу және орташа жөндеу тағысын тағы жұмыстар кіреді. Мен осы дистанцияда еңбек және техника қауіпсіздігін қорғау инженерімін. Филиалымыз 2016 жылы үлкен көлемде Қазақстанның әр өңірінде темір жолдарды күрделі жөндеуден өткізіп, алға қойған жоспар жүз пайыз орындалып, жылды жақсы жетістіктермен қорытындыладық. «Жақсының жақсылығын айт» демекші, мекеме басшысының осы жетістіктерімізге өзінің алғысын білдіріп, филиалдың барлық жұмыскерлеріне арнап салтантты кеш ұйымдастырып, әнші, биші, күйшілер шақыртып, мереке ұйымдастырып бергені баршаның көңілінен шығып, алғысқа ие болды. Мен ұстазымды тағы бір қырынан таныдым.  Биыл кеңсе қызметкерлерінің жұмыс орнын талапқа сай жасақтатып,   филиалдың барлық кеңселерін заманауи техникмен жабдықтап  күрделі жөндеуден өткізгені де қызметкерлер көңілінен шықты.   Назыр Қосубаев  облыстық маслихаттың депутаты. Бұл бағытта атқарған қоғамдық қызметі де ауыз толтыратындай қомақты.  Оған мысал, жақында Қазақстан телеарнасындағы  «Қайыр қылсаң, бүтін қыл» деген тақырыпта өткізілген  «Айтуға оңай» бағдарламасындағы жағдайы төмен отбасының шиеттей бес баласына және олардың анасына қаржылай көмек беріп, киім-кешек, азық-түлікпен қаматмасыз етті.  Халық қалаулысы ретінде елді мекендердегі су тапшылығы, жол мәселесі, мектеп, тұрғын үй мәселелерін үнемі көтеріп келеді.    Өзі туып-өскен жері - 56 разъезд, қазіргі Көктіңкөлі ауылының ақсақалдарының өтінішімен Аланың үйі мешіт салып бергені де туған жерге, елге деген құрметі болса керек.  Осындай үлкен істердің жаршысы болып, адам  баласына қолдан келгенше  жақсылық жасау парыз деп білетін жаннан менің үйренгенім көп болды, үйренерім әлі де көп болса керек.  Осындай ағаларымыз көп болып, әр азамат елім деп еміреніп, жерім деп тер төгер болса, Отанымыздың келешегіне үлкен сеніммен қарайтынымыз күмән тудырмайды. Елбасының алға қойған стратегиялық  жоспары -   2050 жылға дейін 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу, арман емес, нақты жүзеге асатын жетістік боларына сенім мол.  

 Шерхан Несіпбек, Қарағанды

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты