Еуразиялық трансқұрлықтық бағдар: көліктік-логистикалық дамудың жаңа стратегиясы
Жаңалықтар
16.06.2017, 10:41
13-16 маусым аралығында дәстүрлі Астана экономикалық форумы шымылдығын түрді. Әлем елдерінің басын қосып, экономика және бизнес, көлік пен логистика саласының күрмеулі мәселелерін сөз етіп, даму және өркендеу жолын іздейтін алқалы жиын шеңберінде ауқымды шаралар өтіп жатыр.
«Жаңа Жібек жолы: Шығыс – Батыс бағытында теңіз бен құрлық арасындағы тарихи бәсекелестік». 15 маусым күні Астана экономикалық форумы аясында өткен «New Silk Way» IV халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумның алғашқы сессиясы осы тақырыпты қамтып, онда Еуроазиялық трансқұрлықтық бағдардағы көліктік-логистикалық жүйе дамуының жаңа кезеңі және жаңа экономикалық кезеңдегі ғаламдық бәсекелестік мәселелері қозғалды.
Бизнес форумға Әзірбайжан, Грузия, Литва, Молдова, Украина, Қытай, Польша, Ресей теміржол әкімшіліктерінің басшылары, шетелдік көлік-логистикалық компанияларының, банкілерінің, сарапшылар тобының өкілдері қатысты. Сессия барысында «Әлемдік, еуропалық және азиялық нарықтағы тенденциялар. Осы тенденциялардың трансқұрлықтық бағдарларға ықпалы», «Мультимодальды тасымал тиімділігін арттыру шаралары», «Көліктік-логистикалық кешенді дамыту арқасында нарықтың жаңа сегменттерінің пайда болуы», «Мемлекетаралық ынтымақтастықтың халықаралық көліктік дәлізді дамытудағы рөлі», «Еуразиялық көліктік дәліздер: Жаңа Жібек жолының пайда болуы», «Бір белдеу – бір жол» стратегиясын жүзеге асыру – Еуропаға салынар еуразиялық көпір. Басты нәтижелері», «Азия мен Еуропа арасындағы сауда үшін жаңа логистикалық мүмкіндіктерді ашу» деген тақырыптарда нақты мәселелер талқыланды.
BСG-дің Ресей мен ТМД бойынша басшысы, атқарушы директоры және аға әріптес Андрей Тимофеев модератор ретінде сөз бастап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ дайындаған бейнероликті тамашалаған соң алғашқы сөзді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Маминге берді. Ол форум қатысушыларын құттықтап, «2011 жылы құрылған ғаламдық стратегиялық альянстар мен трансқұрлықтық бағдарларды дамыту жобалары жөніндегі пікірталас алаңын құру бастамашылығы өзінің өміршеңдігін тәжірибе жүзінде дәйектеді» деп атап өтті. Ел Үкіметінің атынан Форум қатысушыларына сәттілік тілеген ол бүкіләлемдік экономикалық форум мәліметтері бойынша Қазақстан инфрақұрылым сапасы жөнінен әлемнің 136 елінің қатарында 26-шы орынды иеленіп отырғанын жеткізді.
–Еуразияның орталығында орналасқандықтан Жаңа Жібек жолының трансеуразиялық бағдардың жаңа желісін жасақтаудың маңызды бөлігі болып саналады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, трансқазақстандық бағдарларының көлік-логистикалық инфрақұрылымдарын жаңғыртып, кедергілерді еңсеруге мүмкіндік әпереді. Көлік дәліздерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету өз кезегінде құрлық арқылы транзиттік тасымалға қатысушыларының қызметін үйлестіру мен өзара тығыз қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады, – деп атап өтті А. Мамин. Ол сондай-ақ Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік бағдарларымен тасымалды дамытудың Бірлескен көлік-логистикалық компаниясы (БКЛК) және Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен (ТХКБ) табысты жүргізіліп отырғандығына тоқталды.
Қазақстан көліктік желі жүйесін интеграциялауда, Еуразиялық көлік жүйесінде де белсенді жұмыстар жүргізіп, оның дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр. «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамашылығы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жаңа кезеңі бұған COSCO компаниясының қосылып, Ляньюньган порты мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты жобаларын дамытуға кірісуі жаңа іске зор серпін берді. Жаңа стратегиялық альянс транзиттік тасымалды жаңа деңгейге көтереді. Соңғы 9 жылда елімізде көліктік-логистика инфрақұрылымын дамытуға жалпы алғанда 26 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Соңғы жылдары Қазақстанда Шығыс – Батыс, Оңтүстік – Солтүстік бағытындағы халықаралық көліктік дәлізді оңтайландыратын 2500 км жаңа жол салынды. Қазіргі таңда болашаққа зор мақсаттар қойып отырған Қазақстан теміржолы логистиканың дамуы жөнінен де алдыңғы орындардан көрінуге нақты қадамдар жасауда. Трансқұрлықтық бағдардағы нарыққа қатысушылар мен серіктестердің жүк ағындарын орналастыру мен таратуда КЛО құрудың маңызы зор болғандығы оның тиімділігінен көрініп отыр. Мәселен, қысқа мерзімде ғана Шығыс – Батыс бағдарындағы контейнерлік транзиттік тасымал бірнеше есеге артты. Жүктердің жаңа түрлерімен толығып, жаңа көліктік бағдарлар ашылды.
«Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылдарға дейін транзиттік тасымалды жеті есеге арттырып, екі миллион контейнерге жеткізуге тапсырма берді. Бұл өз кезегінде трансқазақстандық бағдарларда контейнерлік транзиттік тасымалды екі есеге арттыру деңгейін тұрақты ұстап тұруды керек етеді», – деп атап өтті А. Мамин. ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары «New Silk Way» бизнес форумының транқұрлықтық тасымалды дамытуда жаңа стратегиялық бағдарларды жасақтап, жүзеге асырудың алаңы болатындығына сенім білдірді.
Бүгінде автомобиль жолдары, теңіз порты, әуежайлар бойынша инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық дәлізі ең қысқа автомобиль бағдарына айналды. Сонымен қатар Ақтау теңіз сауда портын ұлғайту жұмыстары аясында теңіз терминалы жобасы жүзеге асырылып, Құрық портында кеме жасау кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды. Көліктік дәліздердің тиімділігін арттыру мақсатында серіктестерімізбен де тығыз жұмыстар жасалуда. Осылайша Қазақстан көліктік-логистикалық әлеуетті барынша тиімді пайдалануға барлық мүмкіндіктерді қарастырып отыр.
Форумға қатысушылар Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік әлеуетті өте жоғары бағалады. Қазақстандағы транзит көлемі 2011 жылдан бері 10 есе өскен, 2030 жылға дейін ол тағы бірнеше есе артпақ. Сонымен қатар құрғақ және су көліктерінің өзара тарихи бәсекелестігі тұрғысында олардың тек бәсекелесіп қана қоймай, бірін-бірі толықтырып тұратындығы да айтылды.
Мемлекетаралық қатынастардың халықаралық көліктік дәліздерді дамытудағы ролі туралы баяндаған ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазақстандық дипломатиялық қызметтер біріншіден шетелден тікелей инвестиция тарту, сонымен қатар қазақстандық тауарларды халықаралық нарыққа шығаруда көрсетілетінін айтты. Көлік және транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануда Қазақстанның құрлықтағы мемлекет екені қиындықтар келтіргенімен осы кемшілікті артықшылыққа айналдыруға болады, деген министр Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастамалары осы бағытта тиімділік беретінін жеткізді. Тақырыптық сессияларда «DP World» компаниясы Директорлары кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов, «Грузия темір жолдары» АҚ Бас директоры Мамука Бахтадзе, Ченду қаласы халықтық үкіметінің логистика және ауысым басқармасының бастығы Чэнь Чжунвэй, «РТЖ» ААҚ бірінші вице-президенті Александр Мишурин, BCG төрағасы Ханс-Пол Бюркнер, «Баку халықаралық теңіз сауда порты» ЖАҚ бас директоры Талех Зиядов, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Еуразиялық экономикалық комиссиясының энергетика және инфрақұрылым жөніндегі коллегия мүшесі Адамкул Жунусов сөз сөйледі. Форумның келесі сессиясы көлік инфрақұрылымын дамыту тақырыбымен жалғасын тапты.
Райхан РАХМЕТОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты