Жаңа вокзал – сарапшылар көзімен

Жаңалықтар
16.06.2017, 17:03
Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары (ТМТМ) форумында бас қосқан делегаттардың бір тобы жуырда ашылған «Нұрлы жол» вокзалына ат басын бұрып, жаңа нысанды аралап көрді.  Сарапшыларды «Нұрлы жол» вокзалы кешенінің бастығы Дінмұхамед Құсайынов қарсы алып, жаңа вокзалмен таныстырды. Аумағы 126 мың шаршы метр болатын алты қабаттан тұратын жаңа вокзалының бірінші және екінші қабатында 140 көлікке арналған автотұрақ барын айтқан вокзал бастығы, жолаушылардың  тексерістен өткізетін 16 кіреберіс барын, сондай-ақ ақылды жүйемен басқарылатын 510  камера орнатылғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, үшінші қабатта шатыр астында орналасқан перронды көрсетіп, ғимараттың ең негізгі қабаты болып саналатын төртінші қабатты таныстырды. Басты кіреберіс пен 10 билет кассасы, анықтама бюросы бар қабатта сауда орындары да ашылғанын айтып өтті. Зәулім ғимараттың бесінші қабатындағы фуд-кортты көрген сарапшылар бір нысанның ішінде жолаушылар үшін барлық жағдай жасалғанына таңдай қағысты. Тәулігіне 35 мың жолаушыға қызмет көрсететін вокзалда ана мен бала бөлмелері, қонақ үй, медициналық пункттер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарды тамашалаған сарапшылар үш тілде сөйлейтін вокзал қызметкерлеріне де  риза болды.   Мен Астанаға осыдан 10 жыл бұрын келгенмін. Ол кезде қалада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан болатын. Енді биыл екінші рет Экспоға келіп, жайнаған Астанаға қарап, өз көзіме өзім сенбедім. Бүгін мынадай ғажап вокзалды аралап, көркіне көзім тоймады. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған кезде, тіпті керемет болайын деп тұр, – деп таңданысын жасыра алмады шетелдік сарапшы Ирина Аурелия. Ал қытайлық мейман Лю Даоцзюнь алып та еңселі ғимараттың әрбір қабатын, әр залды қайта-қайта қызықтап: «Мұндай алып вокзалды бұрын-соңды көрмеппін!», деп бір-ақ қайырды. Қашанда жаңадан бой көтерген ғимарат қызықтырмай қоймайды. Мына біз аралаған вокзал да өте керемет салынған екен. Халықаралық көрмеге келген қонақтарға міндетті түрде осы жаңа вокзалды көруге кеңес беремін. Өйткені мұндайды тек көру керек! Теңдессіз нысан тынымсыз жұмыс жасап, ел игілігіне жарасын деген тілегімді білдіргім келеді, – деп әсерімен бөлісті литвалық сарапшы Тонтгинас Санкаустнас.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты