Бүгін соңғы «толаскез»...

Жаңалықтар
16.06.2017, 17:26
 Маңғыстау өңірінде алты айға созылған жол жөндеу жұмысы аяқталды. Ералы мен Жетібай станциялары аралығындағы 20 км жол күшейтілген орташа жөндеу көрді. Бүгін соңғы «толаскез». Ағымдағы жылдың 25 қаңтарынан басталған шара теміржолды күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы күшімен жүзеге асты.  Жөндеу жұмыстары кезінде Р-43 типті рельстер алынып, орнына  Р-65 типті ауыр рельстер төселді. Бұрынғы төсем – рельс те шпал да  1968 жылы салынған көне материалдар еді. Ауқымды жұмысқа аталған дистанция директорының орынбасары бастаған жол шебері, биргадир, жол монтерлері мен механизаторлар бар, 60-қа жуық адам жұмылып, таңның атысы, күннің батысы тынбай еңбектенгеннің арқасы жоспарланған мерзімде біткелі отыр. Вахталық әдіспен 15 күн жұмыс жасап, 15 күн ауылдарында барып демалып келіп, жұмыс жасап жатқан жігіттердің әрқайсысы өзінің міндетін жақсы біледі. Төбеден төнген күннің қызуына қарамастан жұмыс қызған.  ─ Жолшылар дәл қазір ескі жол мен жаңа жолды жалғау үстінде. Жеңіл рельстерді ауырына ауыстырдық. Неге десеңіз, келешекте мұнда жүк тасымалы ұлғаяды. Р-43 - жеңіл әрі біртіндеп айналымнан шығып бара жатқан рельстер. Қазір Қазақстан бойынша Р-65 типті рельстерге қажеттілік жоғары. Міне, мына жерлерде ағаш шпалдар орнаттық. Шіріп кетпесі үшін араларына қиыршық тастар төгіледі, – деп тәптіштей түсіндірген  Шамсуддин Аллаяров өзін  жол шеберімін деп таныстырды. ─ Өзіңізге мәлім, Өзен – Болашақ темір жолы, одан ары Түркіменстан мен Иранға жол ашылды. Осы жолмен транзиттік жүктердің артуына байланысты бізге мына жолды күшейту міндеті қойылды. Бұл учаскенің ұзындығы Маңғыстау мен Өзен арасында 180 км. Соның 120 км салынды. Яғни, Маңғыстау мен Ералы станцияларының жол арасы толық бітіп тұр. Енді мынау 20  км жол Ералы – Жетібай, 82-ші км мен 102-ші км  арасы да жөнделіп, аяқталғалы отыр.  Ары қарай, Өзенде, 117-157 км аралықтарында да Р-43 рельстері жатыр. Ол да кезек күтіп тұр, – дейді Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясы басшысының күрделі құрылыстарды іске асыру жөніндегі орынбасары Жолдас Жетібай өндірістен ақпар беріп. Түсінуімізше, осы қыркүйек айында Жол және имараттарды пайдалану департаменті тағы  25  км жол салуды жоспарлап отырған көрінеді. Сол сияқты келесі жылға 11 бекет пен 12 бекет арасындағы 20 км-ге, жаңа материалдар қолданылып, шпалы – темір бетонды, рельс – түйіспесіз жол салынатын болады деп күтілуде. Ал 2020  жылға дейін  12 мен 13-ші бекеттер, 13-ші бекет пен Шетпенің арасы жаңармақ.   Міне, осылай қаңтарда басталған жол жөндеу жұмыстары 6 маусым күні соңғы «толаскез» алынумен мәреге жетті.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты