Жеккешелендіру саясаты
Жаңалықтар
16.06.2017, 17:41
Кеше «Самұрық-Қазына» қорын жекешелендіру бағдарламасының өркендеуі және оның ел экономикасындағы рөлі» тақырыбында сессия өтіп, оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры құрамындағы компаниялар тобы қатарында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Қанат Алпысбаев қатысып Ұлттық қор бастамашылығымен жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысы, ҚТЖ активтеріне стратегиялық инвесторлар тартудың маңыздылығы және оның ел экономикасындағы рөлі туралы баяндады.
–Жекешелендіру бойынша Үкіметтің Кешенді жоспарын жүзеге асыру «ҚТЖ» ҰК» АҚ стратегиясының бөлігі болып табылады. Осы орайда ҚТЖ-ның ірі активтеріне, яғни Компанияның акциялар пакетіне кіретін темір жол машинақұрастыру зауыттарына және логистикалық активтеріне стратегиялық инвесторларды тарту, бұл мұқият сараптама мен аталған активтерді жекешелендірудің оңтайлы нұсқаларын іздеу нәтижесі. Біз бұл жұмысты инвестициялық консультант – E&Y компаниясымен бірлесе жүргіздік, – деді Қанат Алпысбаев.
Компания басшысы бұдан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның шетелдік серіктестерімен бірге технологияны трансферттеу арқылы 7 жыл ішінде Қазақстан экономикасында жаңа индустрияны, яғни темір жол машинақұрастыру саласын құрып, жоғары технологиялы жылжымалы құрам, вагондар, локомотивтер, рельсарқалық өнімдері мен жинақтаушы өндірісі жолға қойылғанын атап өтті.
–Осы жұмысты бастай отырып, біз өзіміздің міндетімізді де шештік, яғни темір жолды заманауи жылымалы құрамдармен және жинақтаушы бөлшек-тетіктермен қамтамасыз етуге кірістік. Біз үшін бұл қызмет профильді емес, бірақ, жоғары инвестициялық кедергілердің барын ескерсек, тек ірі компания ғана жаңа өнеркәсіп саласын құра алатын еді. Осы ретте, ҚТЖ өз қажеттеліктерін қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар өзінің машинақұрастыру саласындағы өнімдерін экспортқа шығарумен айналысты. Бүгінде біздің зауыттардың өнімдері Еуразия құрлығындағы елдер нарығына шығарылуда. Көріп отырғандай, біз ішкі сұранысты ғана қанағаттандырып қоймай, шикізат емес экспорттың жаңа көзін құра алдық. Бүгінгі таңда біз аталған өндірістердің қалыптасуына қатысты өз миссиямызды жүзеге асырдық және ендігі уақытта күшімізді жүк және жолаушылар тасымалы, транзитті дамыту бойынша негізгі қызметімізге жұмылдырмақпыз. Осыған байланысты ҚТЖ-ның машинақұрастыру активтері өндіріс технологиясының иелері болып табылатын стратегиялық серіктестерімізге адрестік сатылым арқылы жекешелендіруге шығарылды. Бұл қазақстандық зауыттардың жаһандық стратегияда және өндірістік тізбектерде жаңағы әлемдік компаниялармен, GE, Alstom, Talgo-мен бірігуін қамтамасыз етіп, қазақстандық зауыттар өнімдерінің экспортын дамытуға жаңа серпін бермек, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі.
Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында «Локомотив құрастыру зауытының» 50 пайыз акция пакеті «Дженерал Электрик» компаниясына сатылған болатын. Компания басшысы қол қойылған келісімшартта, келісім бағасы баланстық құнынан 1,6 есеге жоғары болғанын атап өтті.
Сонымен қатар ол қазір ҚТЖ иелегіндегі заманауи электровоздар мен жолаушылар вагондарын шығарып жатқан қазақстандық зауыттардың акция пакеттерін сатуға қатысты Альстом және Тальго компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатқанынан және де бұл аталған стратегиялық серіктестер Ұлттық компанияның бұрыннан келе жатқан серіктестері екенін, олармен орнаған ынтымақтастықтың арқасында қысқа уақыт ішінде темір машинасын құрастыратын жоғары технологиялы сала құрылғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар Қанат Алпысбаев Ұлттық компанияның көліктік-логистикалық активтердегі үлесін сатуға қатысты үстіміздегі жылдың мамыр айында әлемнің ірі теңіз операторы және логистикалық қызметтердің провайдері болып табылатын «COSCO Shipping», Қытайдың ірі порты Ляньюньган портымен, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА бірлесе дамыту туралы инвестициялық келісімге қол қойылғанын айтты.
–Бұл «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасының тоғысуындағы маңызды элемент. Қытай инвесторларын тарту трансқазақстандық бағдарларға жаңа жүк ағынын тартуды қамтамасыз етіп, Қазақстанның Жаңа Жібек жолы бойында іскер және логистикалық хаб болып қалыптасуына үлкен үлес қосады, – деп түйіндеді сөзін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты