Теміржолшылар марапатталды

Жаңалықтар
06.08.2024, 09:11
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшылар мерекесі қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының басшылығы салада ұзақ жылдан бері адал қызмет етіп келе жатқан майталман мамандарды марапаттады.

ҚТЖ-ның мәжіліс залында өткен мерекелік жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Алдабергенов теміржолшылардың марапатын өз қолымен табыстады.

– Бүгінде теміржол ел экономикасында негізгі рөл атқарады. Компания қызметкерлері, соның ішінде саланың негізгі қара күші саналатын Магистральдық желі дирекциясының теміржолшылары осы саланың дамуына зор үлес қосуда. Сол үшін сіздерге зор алғысымызды білдіре отырып, баршаңызды төл мерекемен құттықтаймын, – деді Т. Алдабергенов.  

«Құрметті теміржолшы» төсбелгісі екі адамға берілді, бірі – Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Жүнісов болса, екіншісі – Астана-1 станциясы вокзал бастығының кезекші көмекшісі Татьяна Бородина. Сонымен қатар «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен 6 адам марапатталды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қатысушы-мемлекеттерінің темір жол көлігі бойынша кеңесінің Құрмет грамотасы 1 адамға берілді. Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Құрмет грамотасына 5 адам, Алғыс хатына 4 адам, Магистральдық желі дирекциясы Құрмет грамотасына 4 адам, Алғыс хатына 6 адам ие болды. Оған қоса «Құрмет тақтасына» 1 қызметкер лайық – деп танылды.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды