Маңғыстауда  теміржолшы қыздар арасында волейболдан  жарыс өтті. Сайысқа аймақтағы барлық теміржол мекелерінен 30 шақты қыз-келіншек қатысып, нәзік жандылардың да спортқа таласы барын байқатты. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің ұйытқы болуымен өткен жарыс  Мұнайлы ауданының  және Маңғыстау темір жол бөлімшесінің құрылғанына 10 жыл толу құрметіне арналды. Тартысқа толы өткен бәсекенің нәтижесінде сайыс ережелерін сақтап қана қоймай, шебер ойын үлгісін танытып, артығырақ ұпай еншілеген  Маңғыстау тасымалдау бөлімшесі – бірінші орынды, Маңғыстау станциясы – екінші орынды, Маңғыстау вагон пайдалану депосының арулары үшінші орынды иемденді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстаған бөлімшенің спорт нұсқаушысы Нұрайна Қыдырова арнайы кубок пен дипломдар тамыз айында өтетін 10 жылдық той тұсында берілетінін ескертті.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау