Теміржолшы әулеттер ойыны
Жаңалықтар
21.06.2017, 14:02
Шымкент темір жолында «Қазкөліккәсіп» ұйымының 25 жылдығына орай әрі бөлімшеде ұзақ жылдан бері еңбек ететін атақты теміржолшы әулетінің өкілі Панзарбек Жаңабаевтың 60 жасқа толуының құрметіне футболдан турнир өткізілді.
Кәсіподақ комитетінің басшылары спорттық ойындарды насихаттау үшін осындай атаулы мейрамдарда көбіне футболдан жарыс ұйымдастырып, ойын соңында жақсы өнер көрсеткендерді бағалы сыйлықтармен марапаттауды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент филиалының бастығы Нағима Салықбаева, бөлімше кәсіподағы комитетінің төрағасы Хайрулла Сәрсенов пен орынбасары Тоқтар Бекова, Ерлан Серперовтердің ұйымдастыруымен аталған шара кең ауқымды қамтыды. Жиналғандар арыстық атақты әулеттің өкілі Панзарбек Жаңабаевты алпыс жылдық мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Жаңабаевтар әулетінің өкілі бүгінде бөлімшедегі диспетчерлік орталықта электр-механик. Жары Анар Қазығұртта станция кезекшісі. Жұмыспен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Панзарбек туған ауылы Қабылсайға үнемі теміржолшы жерлестерін жинап, мейрамдарда футболдан жарыс ұйымдастыратынына риза ауылдастары. Жалпы Панзарбектің әкесі Жаңабай мен анасы Райханнан тараған әулеттен 17 теміржолшы шыққан. Бүгінде 14 Жаңабаев Арыс, Алматы, Шымкент қалаларында ата кәсіпті жалғап жүр. Әулеттің жалпы теміржолдағы еңбек өтілі 400 жылға жуықтаған.
Жарысқа осындай теміржолшы әулеттерден құралған 4 команда қатысып, бірінші орынды Садыбековтар, екіншіні Ізбасаровтар, үшіншіні Жаңабаевтар иеленді. Үздік қақпашы ретінде Мейіржан Садыбеков танылса, үздік шабуылшы Самат Жаңабай, үздік ойыншы ретінде Олжас Бастаровтар аталды.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты