Жол күтімі жоғары

Жаңалықтар
21.06.2017, 14:14
 Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясына қарасты телімдердің жыл басынан бергі және мамыр айында пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүргізген жұмыстары көңілден шығады.    Дистанция бойынша ақау орын алмаған. Пойыздар қозғалысына кедергі болған қауіпсіздік ережесін бұзушылық жағдайлары: пойыздың жолдан шығуы, жұмыс барысындағы апаттық жағдайлар тіркелмегенмен, бес ай ішінде жол бойына бөгде адам шығып кетуінен үш рет  оқыс оқиға орын алған. Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясының техникалық бөлім инженері Сағатбек Тумырзаев ағымдағы жылдың бес айында атқарылған жұмыстар жайлы айта келіп, иесіз мал мен адамдардың жол бойына шығып кетуі азаймай, жылжымалы құрамдардың қозғалысына кедергі келтіруде екенін мәлімдеді. Жолаушылар және жүк пойыздарының кестеден кешігуіне себеп болатын тепловоз машинисінің шұғыл тежегіш басу жағдайы 2016 жылы 46 мәрте орын алса, биылғы жылдың мамыр айын қоса есептегенде және бес ай көлемінде 13 мәрте қайталанған. Оның 9 жағдайында жолға иесіз мал шықса, 4 рет бөгде адам кедергі келтірген. Жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысына кедергі келтіретін мал-жанға сым қоршауларды жөндеу жыл бойы жалғасып келеді. Мамыр айында жоспарға сай 5,4 км сым қоршау жөнделіп қосымша 950 дана бағана орнатылып, теімдер бақылауға алынды, – дейді техбөлім инженері Сағатбек Тумырзаев. Жол күтімінің балдық көрсеткіші бес айда 65 бірлік межесі 37 бірлік көрсеткішімен 143 пайызға орындалған. Жол күтімі техталапқа сай болуын бақылау жұмысына дистанция телімдерінде 24 ақаутапқыш арба жұмыс жасайды. Ақау тапқыш арбалармен жұмыс жасау кезінде 11 504 км негізгі жол, 631км қабылдап-жөнелту жолдары, 4538 жинақ жол бұрмалары, 3040 дана дәнекерленіп-пісірілген рельстер тексеріліп, ақаутапқыш арбасын пайдалану тиімділігі жүз пайызды құраған. Дистанция телімдерін техникалық талапқа сай ету үшін ағымдық күтім жұмыстары жүргізілуде. Мамыр айында 2,3 км шойын жол жоспарлы алдын алу жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар 105 жинақ жөнделіп, 1,0 мың оқшаулы түйіспелер іріктелген. 1,6 мың дана  рельстік жалғағыштар дәнекерленген.  60,7 км сым қоршау жөнделген. Осы жұмыстардың бәрі телім бойынан жылжымалы құрамдардың кідіріссіз қозғалысын сақтау үшін жасалуда.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты