Сатып алуды категориялық басқару
Жаңалықтар
21.06.2017, 15:08
Өткен жұма «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Сатып алуды категориялық басқару» жобасы бойынша инфосессия өтті.
Жобаны ұйымдастыру маңызы мен мақсаты жөнінде оның демеушісі, ұлттық компанияның корпоративтік қамсыздандыру бойынша вице-президенті Ерик Имашев айтып, жиынды ашып берді.
Бұл жоба компаниямыздың стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне септік етіп, 4 негізгі драйвер арқылы жүзеге асырылатын акционерлік капитал құнын арттыруға ықпал етеді. Бірінші драйвер – табысты ұлғайту, екіншісі – шығынды азайту, үшінші – қор бойынша айналымдағы капиталды оңтайландыру, соңғысы – логистикалық инфрақұрылым жөнінен тұрақты капиталды оңтайландыру. Жоба жоспарлы кестеге сай орындалады, – деді вице-президент.
Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қажеттілікті басқару үдерісі, сатып алу категорияларын басқару әдістері және логистикалық инфрақұрылым мен қорды басқару жолдары өзгермек. Келесі баяндаманы «Жобаны ұйымдастыру және алғашқы нәтижелер» деген тақырыпта компанияның сатып алу мониторинг мен үйлестіру департаментінің директоры, жоба жетекшісі Қанат Камалов жасады.
Мақсат – сатып алуды категориялық басқаруды енгізу арқылы сатып алу қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар таңдалған 17 категория бойынша иеліктің жиынтық құнын төмендетіп, сатып алу шығынын оңтайландыру, логистикалық инфрақұрылымды оңтайландырудың жол картасы мен қорды толықтырудың модельдерін жасау да – басты мақсат, – деді жоба жетекшісі. Жоба тиімділігі – 2021 жылға дейін орташа есеппен 20 млрд теңге экономикалық тиімділікке қол жеткізу болып отыр.
Ал аталған жоба бағытында «Сатып алу категориялық стратегиясының» жұмыстар статусы туралы жоба стримының жетекшісі В. Лях баяндап, қаржы жағынан шығын көп келтіретін дизельді, реактивті отын және электр энергиясы туралы айтты.
Қазіргі таңда маусым айынан қазанға дейін жазғы маусымда дизельді отын құнын арттыратын жаңа акциздер енгізілуде. Осыған орай осы маусымға дейін екі ай бұрын отын сатып алатын болсақ, қаражат үнемдей аламыз, – дейді В. Лях. Оның айтуынша, жоба бойынша бүгінде категориялық команда жасақталып, оны орындау жолдары мен кестенің детальды жоспары жасалған. Импорттық өндірушілер өкілдерімен алғашқы кездесулер өткізілген. Регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар дайындалған. В. Лях өз ұсыныстарын жариялай отырып, бәсекелес ортаны шектейтін талаптарды қайта қарау керектігін, өңдеуге берушілермен тікелей жұмыс істеу, сапа мен санды бақылауды күшейту керектігін жеткізді.
Қосалқы қор көлемін қалыптастыру жөнінен жобаны диагностикалаудың 1 кезеңі бойынша KPMG-дан жобаның аға менеджері Петр Соломатин, инфосессия соңында «Қосалқы қорды басқару» бағытының кеңесшісі Г. Баласанов «Батыс логистикалық торабы бойынша «Сатып алуды категориялық басқару» жобасы 1 кезеңін диагностикалау нәтижелері» жөнінде мәлімдеді.
Райхан РАХМЕТОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты