Эстетикалық талапқа сай
Жаңалықтар
21.06.2017, 15:12
Семей теміржолшылары тұрақты түрде сенбілік өткізіп, экологиялық екі айлық қорытындыланды. Әсіресе, Аягөз, Шар, Дегелең сынды іргелі станциялар теміржолшылары бір кісідей жұмыла кірісіп, желі бойын жайнатып тастаған.
Осыған дейін қарқынды түрде жүргізілген сенбілік жұмыстарының нүктесін қояр болсақ: қала ішін көктей өтетін желі бойының қос қапталындағы қоқыс қалдықтары толықтай тазартылды. Жаңасемей станциясы аумағына қарасты жеке сектор бойындағы тұрғынүйлер кооперативтеріне тиесілі гараждар аумағында қордаланған «қырық жыл» бойғы күлтөкпелер тонналап шығарылды. Бір бұл емес, желі бойындағы қураған бұталар мен ағаштар, көріксіз құрылыс қирандылары да тазартылып, көз жетерлік аумақтар эстетикалық талапқа сай етілді. Мұндай іргелі шаралар екі ай мерзім ішінде бөлімшеге қарасты станциялардың барлығында орын алды. Сол тәрізді нысандар маңайын ретке келтіру, әктеу, әрлеу, жөндеуден өткізу сынды шаралар да орын алып. әсіресе вокзал алаңдары мен перрондарда, Аягөз бен Жаңғызтөбе сынды станцияларда ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Қарқынды жүргізілген сенбіліктер барысында не бары екі күннің ішінде жүк машиналарымен 150 рейс қоқыс тасымалданған сәттер де орын алыпты.
Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстарды аяқталды деуге болмайды. Ендігі аралықта айына екі мәрте санитарлық тазалық жүргізу мақсатында жергілікті сала қызметкерлері арасында сенбілік шаралары өткізіліп тұратын болады. Ал қазіргі күні көгалдандыру шараларына ерекше мән берілуде. Өткен жылы семейлік теміржолшылар өз күштерімен 20 мың түп ағаш көшеттерін отырғызған болса, ағымдағы жылы 30 мың тал көшетін екті. Бұл ретте сала мамандарына жергілікті орман шаруашылығының қызметкерлері қол ұшын беріпті. Отырғызылған жас өскіндердің басым көпшілігін қарағай, қайың мен жеміс ағаштарын құрайды. Жол айрықтары мен шағын станцияларды, желі бойларын көгалдандырып, жасыл желекке айналдыру да жоспарда тұр.
Қуаныш Қожаев, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты