Райхан Рахметова, Астана
ЭКСПО билеті берілді
Оқуға 1 мин
Астана станциясы тораптық ардагерлер кеңесінің құрамындағы бастапқы кеңес төрағалары болып белсенді қоғамдық жұмыстар атқаратын 13 ардагерге ЭКСПО көрмесіне тегін билет берілді.
Жастық қажыр-қайратын теміржолға арнап, бүгінде қартайса да қоғам өміріне араласып жүрген зейнеткерлерімізге ұлттық компания тарапынан осындай сый көрсетіліп отыр. Олардың көбісі әлі көрмені араламаған еді. Енді міне жақсы мүмкіндік туды. Барлығы бірге барып көреді. Билеттерді алып беруге қолдау көрсеткен «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры Асылхан Қалдыкөзовке алғыс айтамыз, – дейді тораптық ардагерлер кеңесінің төрағасы Машур Шакирұлы.
Бүгінде бұл тораптық кеңесте 15 бастапқы ұйым, 3700 ардагер бар. Халықаралық көрмеге билет алғандардың бірі, бастапқы кеңес төрайымы Людмила Павловна аталған көрмеге баруды армандап жүргенін, енді сол кішкентай арманы орындалып, ауқымды шараны өз көзімен көретінін айтып, қуанышын жеткізді.