Иса БЕРКІМБАЙ, Астана
Ынтымақтастықты дамытуға тағы бір қадам
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев оныншы Астана экономикалық форумы мен Халықаралық көлік-логистикалық «New Silk Way» бизнес форумына қатысқан теміржол әкімшіліктерінің басшылары және көлік-логистикалық компанияларының жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы серіктестерімен көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту жайын ақылдасып, екі ел арасындағы ортақ мәселелерді талқылады.
Cosco Shipping Cо. Ltd. Бас директорының орынбасары Е Вэйлун мен «Ляньюньган порты» МК» ААҚ президенті Чжу Сянянмен кездесуінде «Қазақстан – Қытай Еуразияның транзиттік көпірі» телекөпірінің қорытындысы мен «Ляньюньган қаласындағы қазақ-қытай халықаралық логистикалық компаниясы» мен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС бірлескен қызметін дамыту жайы қаралды.
Қ. Алпысбаев «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен COSCO Shipping компаниясы ұсынған ғаламдық логистикалық қызметті пайдалану жайына тоқталды. Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан тарабы ұсынысымен Ляньюньган порты және АЭА Құрғақ порты арқылы жүк ағынын өсіру мәселесі талқыланды.
Ченду қаласы (ҚХР) халық үкіметінің логистика және өткізу басқармасының бастығы Чэн Чжунвэй мен Әзірбайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің басшылары Д. Гурбанов, М. Бахтадземен кездесіп, Орталық Азия, Иран, Түркия, Еуропа бағдарына контейнерлік жүктерді тасымалдау жайы талқыланды.
Қазіргі таңда Чэндудан Еуропаға (Лодзь, Нюрнберг, Тилбург) пойыз тұрақты қатынауда. 2017 жылғы 4 айда Чэнду – Еуропа – Ченду бағдарымен 241 пойыз жіберілсе, өткен жылы осы мерзімде 45 пойыз ғана жасақталған болатын.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Иран теміржолы әкімшілігінің вице-президенті Э. Мохаммедпен, «COALKO Development» ААҚ Директорлары кеңесінің төрағасы В. Драгановпен IRISL компаниясының президенті М. Саедимен кездесті.
ҚТЖ басшысының теміржол әкімшіліктерінің басшылары мен көлік-логистикалық компанияларының жетекшілерімен кездесуі – екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тағы бір қадам болғаны анық.