Көлік логистикасының көшбасшысы – Қорғаста
Жаңалықтар
21.06.2017, 15:31
Өткен сенбі ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин мен DP World компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ХКЫО нысандарын аралады.
Жоғары мәртебелі қонақтар жанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та болды.
Көлік логистикасының әлемдік лидері саналатын DP World компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем Қазақстанға Астана экономикалық форумы мен халықаралық «New Silk Way» бизнес-форумына қатысуға келген болатын. Мәртебелі мейман қазақстандық көліктік-логистикалық хабты өз көзімен көруге ықылас танытқаны белгілі болды. Сапар барысында А. Мамин мен С. Сулайем Алтынкөл станциясында болып, қазақ-қытай халықаралық мемлекеттік шекаралық өткелі тұсында орналасқан станцияның техникалық мүмкіндігімен де танысқан. Станция бастығы Жандос Ұнтақбаевтың мәлімдеуінше,
биылғы қаңтар, мамыр аралығында Алтынкөл станциясы арқылы 163 контейнерлік пойыз өткен. Ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жеті есеге жоғары көрсеткіш. Станциядағы инфрақұрылым арқылы тәулігіне 20 контейнерлік пойыз өткізуге болады.
Қонақтар АЭА Құрғақ порты аумағында, мониторингілік орталықта да болды. Қазіргі таңда АЭА логистикалық және индустриялық алаңдарында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ Бас директорының орынбасары Хишам Белмааши АЭА даму болашағы мен инвестициялық қызметі туралы баяндады.
«Қорғас» ХШЫО жобасы мен бас жоспары, шекараның қазақстандық бөлігіндегі инвестициялық нысандар да көрсетілді. Оның ішінде орталық алаң, қолөнершілер қалашығы, бизнес орталығы, көп салалы ғимарат, сауда орталығы бар.
Султан Ахмед бин Сулайем «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Еуразиялық құрлықта логистикалық жүйені дамытып, бизнесті өркендетіп, инвесторларды тартатын инфрақұрылымы бар, болашағы зор жоба екендігін атап өтті.
Айта кетерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен DP World компаниясы 2013 жылы сәуірде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлесіп басқару бойынша ынтымақтастық Келісіміне қол қойған. Енді инвестициялық әріптестікті әрі қарай дамытуға мүдделі.
Ирина БЕКТИЯРОВА, Алтынкөл
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты