Жүз пайыз қайта жаңғырды  

Жаңалықтар
27.06.2017, 11:21
  «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың бастамасымен ағымдағы жылы Халықаралық «ЕХРО – 2017» көрмесіне даярлық жасау шараларына маңыздылық берілген. Ауқымды шараның аясында желі бойындағы станциялар мен жол айрықтары да абаттандырылып, эстетикалық талапқа сай етілді.   Мысалы, Семей теміржолына қарасты станция-разъездерде жүз пайыз жұмыс жүргізіліп, маусым айының алғашқы аптасында мәреге жетті. Тізе айтар болсақ, бірінші кезекте шағын бекеттердегі теміржолшылар үйлерінің қоршаулары қайта жасалып, сырланып, ретке келтірілід. Ол үшін орманшылармен ынтымақты келісім жүргізу нәтижесінде құрылыс материалдары алынған. Нәтижесінде 1,5 км астам ағаш шарбақты қоршаулар даярланып, барлық жол айрықтары толық қамтылды. Барлық станциялардағы қоршаулар бірыңғай түспен боялды. Станция жолдары, платформалар, қылталар мен  қар тоқтату қорғандары да толықтай жаңартылды. Қазіргі күні жасалынған жұмыстарды күтіп ұстау үшін станциялар мен разъездер бөлімшенің әр мекесіне бөлініп берілген.  Жұмыстарды жүргізген теміржолшылар креативке де ден қойыпты. Мәселен, №27 мен №22 разъездердегі нысандарды жаңалаған ТЧЭ қызметкерлері мұндағы үйлерді локомотив пішініндегі түске бояп, ерекшелепті. Алыстан көз тартатын нысандар ерекше әсер қалдырады. Осы тәрізді теміржол нысандары ғана емес, балалардың ойын алаңқайлары да тартымды, қанық түске боялып, қосымша жабдықтармен толықтырылған.  Қазіргі күні желі бойымен сапарлап келе жатқан жолаушылар үшін станциялар келбеті бұрын-соңды болмаған деңгейде ерекше тартымды көрінеді. – Бәрінен де бұрын желі бойындағы теміржолшылар үшін, тұрғындар үшін үлкен мәдени түсінік қалыптасты деп білеміз. Мұндай ауқымды шараға екі жыл бойы күш салу нәтижесінде қол жеткіздік десек қателеспейміз. Әрине, алғашқы жылы бұл тараптағы жұмыстарды жүргізу әжептәуір қиындық әкелді. Кейбір станцияларда салғырт қарау орын алды. Ал, биыл өткен жылы жүргізілген шаралардың нәтижелі екендігіне көз жеткізген, өз елді мекенінің түрленіп сала бергенін көрген разъезд тұрғындары өздері де құлшыныс білдірді. Демек, ендігі аралықта барлық шағын станциялардағы осынау шараларды, яғни, жаңғыртылған нысандардың эстетикалық келбетін өз мәнінде ұстап тұру қиынға түспейді деп санаймыз, – дейді бұл жұмыстарға бастама танытқан Семей бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаев. Станциялардағы эстетикалық мәдениет деңгейінің жоғарылағанын көркейту жұмыстарына деген теміржолшылар ынтасына қарап та аңғаруға болады екен. Мәселен, өткен жылы күзгі байқауда Азамат Нұрғалиев басқаратын Жаңғызтөбе станциясы алғыс алса, биыл айрықша жұмыс жасаған Қуаныш Әміренов басшылық жасайтын Аягөз станциясы да ерекше көзге түсіпті. Бейбіт Түменғали жетекшілік ететін Семей белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы да ерекше еңбек сіңірген.    Осынау шаралардың аясында қатар жүргізілген көгалдандыру ісін де айта кету орынды. Өткен жылы 20 мың түп отырғызылса, биыл 30 мың түп көшет егіліпті. Жас өскіндердің негізгі дені қарағай мен қайың. Осының аясында жері қуаң, далалы аймақ саналатын Дегелең станциясына да жеміс ағаштарының көшеттері молынан егіліп, теміржолшылар саябағы бой көтерген. Оны күтіп-баптауды да жергілікті теміржолшылар өз мойындарына алыпты.

Қуаныш Қожаев, Семей

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты