Олжас Бектенов теміржол көлігімен жүк тасымалдаудың жаңа тарифтік саясатын әзірлеуді тапсырды

Жаңалықтар
04.09.2024, 12:35

Премьер-Министр Үкімет отырысында еліміздің стратегиялық басымдығы ретінде көлік-логистика секторын дамыту мәселелері жөніндегі Президент тапсырмаларына назар аударды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Олжас Бектенов көлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту ауқымды инвестиция тартуды талап ететінін атап өтті. Осындай шаралардың бірі – «Қазақстан темір жолы» көрсететін қызметтердің тарифтерін қайта қарау. Соған орай, «Самұрық-Қазына» қоры Көлік министрлігімен бірге жүктерді теміржол көлігімен тасымалдаудың жаңа тарифтік саясатын әзірлеуі қажет.

Облысаралық және ауданаралық бағыттардағы жолдарды орташа жөндеумен барынша қамтуға қатысты Көлік министрлігіне нақты жобаларды, көрсеткіштерді және қаржыландыру көздерін айқындап, 1 желтоқсанға дейін нақты жоспар әзірлеу тапсырылды. Бұл ретте қаражаттың нысаналы жұмсалуын барлық бақылау және жұмыстардың мониторингі бірыңғай цифрлық платформа арқылы жүргізілуге тиіс.

Бұдан басқа, Көлік министрлігіне Өнеркәсіп министрлігі және Бәйтерек холдингімен бірге шағын әуе кемелерін сатып алу механизмдерін пысықтау тапсырылды.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты