Халықаралық стандартқа ие
Жаңалықтар
30.06.2017, 13:55
Қазақстан темір жолына бес жылдан бері соңғы буынды локомотивтердің барлық сипаттарына: жоғары қуаттылық пен жылдамдыққа, үнемділікке ие электровоздар шығаруда бірегей кәсіпорын ретінде танылған – «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС IRIS халықаралық теміржол стандарттары талаптарына сәйкес келетін сертификациядан сәтті өтті.
Темір жол өнеркәсібінің халықаралық IRIS стандарты әлемдік деңгейдегі темір жол өнеркәсібінде танылған басқару жүйесін бағалай отырып беріледі. Alstom Transport француз компаниясының технологиясы бойынша ауыспалы тоқтағы жүк және жолаушы электровоздарын құрастыратын зауыт сапаның бірегей моносалалық стандарты болып табылатын бұл сертификатты Қазақстан бойынша үшінші, ал жылжымалы құрам өндірушілер арасында бірінші болып иеленіп отыр. Alstom-ның Оңтүстік ТМД кластерінің басқарушы директоры, «ЭҚЗ» бас директоры Бернард Пелль бұл жетістікке ұжым қызметкерлерінің ауызбіршілігінің арқасында қол жеткенін атай келе, барша әріптестеріне олардың өз ісіне деген зор жауапкершілігі, кәсібиліктері үшін алғысын білдірді.
–Біз жаңа локомотивтерді өндіруге және сенімді пайдалануға бағытталған IRIS сәйкестендіру стандартының сертификатын алған пойыздардың алғашқы өндірушісі болып табылатынымызды мақтан тұтамыз. Аталған сертификат біздің тұрақты дамуымыз бен менеджмент сапасының жүйесі және тапсырыс берушілеріміздің арасында сәйкестіктің барын көрсетеді, – деді Бернард Пелль.
«Русский регистр» сертификация жөніндегі қауымдастығының директоры Ирина Носкова сертификатты зауыт басшылығына табыстай отырып, бұл сертификат зауыт өнімдерінің тек Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар достық ынтымақтастықтағы шетелдер нарығында да сұранысқа ие болуына ықпал етеріне сенім білдірді.
Шара барысында келген қонақтарға зауытты аралатып, цехтар жұмысымен таныстырған коммерциялық директор Андрей Ершовтың айтуынша, бүгінде зауыттан шыққан KZ8A сериялы жүк электровоздарының 42 және KZ4A сериядағы жолаушылар электровоздарының 24 данасы қолданыста. Қазіргі таңда зауыт Әзірбайжан еліне электровоз экспорттау жобасын жүзеге асыруда. 2019 жылға дейін оларға 40 электровоз экспорттау көзделіп отыр. 2015 жылы Alstom компаниясы және «ЭҚЗ» БК Әзірбайжан темір жолдарымен Әзірбайжанға 50 локомотив жеткізу бойынша келісімшартқа қол қойған болатын.
Зауыт қызметінің бір парасы «ҚТЖ» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша 2020 жылға дейін Prima электровоздарын жеткізу мен техникалық қызмет көрсетуден тұрады. Осы зауыттың негізінде «ҚТЖ» компаниясы және «Альстом» француз компаниясы мен «Трансмашхолдинг» ресейлік машина құрылыс холдингі арасындағы стратегиялық әріптестік қаланған болатын. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 100 ауыспалы тоқтағы KZ8A магистралды жүк электровоз бен ауыспалы тоқтағы KZ4AТ жолаушылар электровозын жасап шығару. Бүгінде кәсіпорын қызметкерлерінің штаты 420 адамды құрайды.
Ал Alstom компаниясының Қазақстанда 600-ден астам қызметкері жұмыс істейді, екі бірлескен кәсіпорыны және Астана қаласында локомотивтерді өндіру мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі «ЭҚЗ» кәсіпорыны, бұған қоса бағыттағыш электр жетектерді өндіру бойынша Алматы қаласында «ҚазЭлектроПривод» екі зауыты бар. Alstom компаниясы электровоздар мен бағыттағыш электр жетектердің Орталық Азия мен Кавказдағы бірегей өндірушісі, сондай-ақ өңірдің теміржол өнеркәсібін жаңғырту және оның экономикасын дамытуды ынталандыратын басты қатысушысы болып табылады.
Салтанаты шара соңында зауыт жұмысының алға басуына үлесін қосып жүрген еңбек озаттары Алғыс хатпен марапатталды.
Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты