Бірінші орында жеке бас қауіпсіздігі

Жаңалықтар
30.06.2017, 14:02
Ел теміржолы бойынша жыл басынан бері жұмыс уақытында он жазатайым оқиға орын алып, оның төртеуі қайғылы жағдаймен аяқталған. Әрине, қайғылы жағдай көбіне жеке бас қауіпсіздігін сақтамағаннан орын алуда. Осы жайт өзгелерге сабақ болу үшін 1-10 маусым күндері Қазығұрт бекетінде «Қауіпсіз еңбек» айлығы өтті.     Айлық кезінде қазығұрттықтарға алдымен өз басының, одан соң техника және еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істеу керектігі тағы ескертілді. Маусымның 7 күні станция бастығы Тоқтасын Қалмырзаев айлықтың мақсатын түсіндіру үшін ұжымдық жиналыс жасаса, 12-13  күндері бәріне жоспардан тыс нұсқама мен техникалық сабақ өткізілген. Станция жолдарындағы барлық посттарға әдеттегідей аншлактар ілініп, телеграфтық нұсқамасы берілген. Мекеме басшыларымен күнтізбе жасалынып, екі рет тұтқиылдан тексеру ұйымдастырылған. Алдымен станция бастығы, екінші рет орынбасары Құнанбай Жаңабаев айлыққа қатысты ережелердің қаншалықты орындалып жатқанын анықтаған. Жұмыс орнының тазалығы, жұмысшылардың білімі мен қызметтік киім кию тәртібінің сақталуы, журнал толтыруы, құрал-саймандарын  дұрыс қолдана білуін тексеру –  бұлжымас қағида. Талап сондай. Бір маман селқостық танытса, екіншісі жаңадан келген болуы мүмкін. Заңдылық болып қалған еңбек және техника қауіпсіздігін сақтауға тиісті нұсқамалардың уақытылы орындалуы сөзсіз қадағаланады. Тексеру кезінде екі рет қызметтік өткелден кішігірім кемшілік табылған. Ол тез қалпына келтірілген.    – Ақпан мен наурыздың арасында «Қауіпсіз еңбек және денсаулық – әр жұмысшының міндеті» атты айлық жүрді. Онда да станция басшысы мен орынбасарлары, бас инженер әрқайсысы екі реттен алты тексеру жүргізген. Нәтижесінде  жеті кемшілік анықталып,  берілген мерзімде түзетілді. Ақпанның алғашқы екі күнінде жұмысшылармен кезектен тыс нұсқама өткізілсе, 13-14 күндері жұмыс барысында «Еңбек және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында техникалық сабақ ұйымдастырылды. Жұмыс құралдарына қатысты болмаса, өрескел қателік орын алмады. Қазір қызметтік киімнен тапшылық жоқ. Башмактардың сапасы да бұрынғыдай төмен емес. Бірақ, рациялар қолданылған соң, артынша бір айдан кейін істен шығып жатыр. Сапасы нашар. Жалпы бес айда он екі рет техникалық сабақ,  қауіпсіздік бойынша төрт тәжірибелік іс-шара жүрді, –  дейді  еңбек қорғау инженері Жұмабек Ахимов.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты