«Орда суы» - теміржолшылардың төл өнімі
Жаңалықтар
30.06.2017, 14:07
Қызылордалық теміржолшылар Экспо көрмесі қонақтары үшін «Орда суы» маркасымен асханалық су шығаруды қолға алды. Қазіргі таңда асханалық судың сараптамадан өткізу, ресми құжаттандыру жұмыстары тәмамдалуда.
Алайда алғашқы үлгі нұсқа Қорқыт станциясында орналастырылған «ТазаСу-С» қондырғысынан алынғандықтан жергілікті тұрғындар тек осы суды пайдалануда екен. Судың дәміне әбден үйренгені сонша, қорқыттықтар қазірге таңда күнделікті ас-ауқатқа тек асханалық «Ордасуын» пайдаланып, құбырмен келетін суды тазалық үшін қолдануда екен. Бүгінде түрлі сауда белгісімен сатылымда жүрген сулардан асханалық «Орда суы» еш кем түспей болашақта олармен бәсекелес болатыны байқалуда.
«Теміржолсу-Қызылорда» мекемесі теміржолшылар мен жергілікті бұхараның пайдаланатын ауыз суының сапасын жақсарту мақсатында «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында қыруар шаруа тындырды. Бағдарлама негізінде аймақта сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылып, қайта құрастырылды. Сумен қамту обьектілерінің негізгі құрал-жабдықтары жаңғыртылды. Ауыз сумен қамтудың балама нұсқалары кішігірім станциялар мен бекеттерді қажетті сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылды. Теміржолшылар пайдаланылатын ауыз судың сапасын арттыру мақсатында Қорқыт станцияға қойылған «ТАЗАСУ-С» құрылғысы ұңғымадан шыққан судың сапасын заманауи қолданысқа лайықтайтын баламасыз құрылғы болып саналады. Себебі жер астынан шыққан ұңғыма суын көп сатылы әдістермен механикалық және ион алмасу сүзгілерімен сүзгіден өткізіп, кері осмосты тазарту арқылы химиялық әдістерсіз-ақ алуға мүмкіндік беретін ақылды құрылғы саналуда.
Сыр елі теміржолшыларының «ОРДА» суы қалай дайындалуда, жалпы сатылымға қашан шығарылады, ең бастысы теміржолшылардың суын көріп өзгелерден сүйінші сұрап, жарнамалап, жариялап жаңалығымызбен бөлісу мақатында арнайы Қорқыт станциясына сапар шектік.
«Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС директоры Марат Шайжан жер астынан шыққан судың шипалы ауызсуға айналғанға дейінгі процесін көзбен көрсетті.
Бұған дейін аймақтағы шипалы, асханалық су шығару жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлер негізгі су көзін осы «Тазасу» құрылғысынан өткізілген судан пайдаланып тұтыну құнына мардымсыз ақы төлейді екен. Өндірістік қызметпен қоса мекеме ұжымының әл-аухатын арттыру мақсатында тиісті инстанциялардан келісім алғандықтан Марат Шайжанның мекемеден асханалық су шығару идеясын ұжымы қызу қолдап, су шығару жұмысы қолға алыныпты. Бірнеше рет лабораториялық және жергілікті сараптама орталықтарынан зерттеуден өткізіліп, таза, пайдалы, қолданысқа тиімді деген баға алған соң «Орда суы» деген ресми атаумен рәсімделіп, құжаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын екен.
«Орда суы» шығарылатын «Тазасу-с» қондырғысы 2012 жылдан бері станцияда өндіріске енгізілген екен. Қондырғының өнімділігі сағатына бір текше метр, ұңғыдан 2800 мг/л құрғақ қалдықты 280 мг/литрге дейін тазартады. Станциядағы санитарлық қорғау аймағында құтыларды тазартып, жуып тазалайтын бөлме, суды құтыға құятын және сақтайтын қоймадан тұратын үш бөлмелі құрылыс нысанын салу жұмысы да ұжым жұмысшыларының күшімен атқарылған.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қорқыт станциясы
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты