Бейнеттің зейнеті бар

Жаңалықтар
30.06.2017, 14:59
«Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Тәңірберген Нашаров темір жолда  табан аудармай қырық жыл бойы еңбек етті. Осы күнгі биігіне еңбегімен жетті. Сегізінші сыныпта оқығанында ата-анасынан айырылды. Сол кезде балалар интернатына кете жаздады. Қазақ ежелден жетімін жылатпаған ел емес пе, апасы Рахиля: «Сен өзі де сарысың, интернатқа барғанда, тіпті сары орыс боп кетесің. Ауылда менің қолымда қалып, осындағы бала-шағаның ортасында боласың. Ешқайда жібермеймін» дейді. Оқуын аяқтап, осы апасының қолынан әскерге аттанады. Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін «Целинсельмаш» зауытына жұмысқа орналасады. Алайда ауылдан апасының денсаулығы нашарлап қалды деген хабарды ести салып, бәрін тастап, кері қайтады. Бір-екі жыл апасына қарайласады. Ауылдың мәдениет үйінің меңгерушісі болып қызмет етеді. Апасының дәм-тұзы таусылған соң арулап жер қойнына тапсырады. Қалаға қайтып келген соң әрі қарайғы өміріне сол уақыттың өзінде «Құрметті теміржолшы» белгісі кеудесінде жарқырап жүрген нағашысы Тайыр үлкен ықпалын тигізеді. Жиеніне: «Әй, бала, тепсе, темір үзетін жігітсің. Тілімді алсаң, темір жолға жұмысқа кел, жаман болмайсың» деп,  темір жолға шақырады. Содан бастап Тәңірберген Аужанұлы темір жолда тапжылмастан, табаны күректей қырық жыл еңбек етіпті.   «Бастапқыда вагондарды пайдалану депосына слесарьдің шәкірті болып жұмысқа тұрдым. Бұдан кейін слесарь, вагон қараушы боп сатылап өсіп отырдым. Темір жолдағы жұмысымның соңғы жиырма жылында аға вагон қараушы болып жұмыс істедім. Осы жерден зейнеткерлікке шықтым» дейді кейіпкеріміз. Осыны айтқанда, Николай Никитин, Қадыр Еселбаев сынды темір жолдағы жұмыстың қыр-сырын өзіне үйретіп, тәлім-тәрбие бере білген ұстаздарының есімдерін атады. Өзі де талай жасқа қамқоршы болып, шәкірт тәрбиеледі.   «Заманына қарай  адамы» демекші, техника дамыған сайын адамдардың санасы да соған сай жетіледі. Қазіргі жастар зейінді деп айтар едім. Оларға дұрыс бағдар-бағыт көрсетсең, жұмысты дөңгелетіп алып кетеді» дейді Тәңірберген Аужанұлы. Әрине, әр жұмыстың қиындығымен қатар жауапкершілігі болады. Кейіпкеріміз бұл туралы да сөз қозғамай қалған жоқ. «Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Екібастұздың көмірі алып одақтың әр мемлекетіне тасымалданатын. Пойыздар сол уақыттағы Целиноград қаласы арқылы өтетін. Сонда күніне 60 пойыздың вагондарын тексеретінбіз. Бірде вагондарды қарап жатқанда вагон қараушылардың бірі бір дөңгелектің ақауын тапты. Үстінен қарап шыққанымда, екінші дөңгелек жарылуға шақ қалғанын байқадым. Егер осылай кете берсе, қатерлі жағдайға әкелер еді. Сол жерде вагонның дөңгелегі ауыстырылғанша пойызды аялдаттық» дейді Тәңірберген аға.   Жұмысына аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтың еңбегі де атаусыз қалмады. 1999 жылы «Мамандығы бойынша ең үздік жұмыскер» атағын алды.  Қазір тұрып жатқан пәтерін де адал еңбегі үшін алды. Тәңірберген Аужанұлының құдай қосқан жары Жұмакүл Төлегенқызымен шаңырақ көтергеніне алдағы тамыз айында қырық жыл толады екен. Жұмакүл апа 37 жыл мектепте сабақ беріпті. Қазір ол да зейнеткер. Үлгілі отбасында үш бала өсіп, бәрі де оқып-тоқыпты. Ұлы Қанат пен үлкен қызы Жанар компьютер тілін меңгерген мамандар. Ал кенже қызы Ардақ өнер жолын қуып, музыкант атанған. Қазір Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінде домбырашы. Ағамыз Мәриям Жагорқызы, Үлебай Әнетұлы, Құлтума Өтемісұлы, бертінде Рабиға Есімжанова сынды дүлдүл өнерпаздар шыққан Қорғалжын өңірінің тумасы. Өзінің де домбыра шертіп, ән салатын өнері бар. Әсіресе, Шәмшінің, Әсеттің әндерін жаны сүйіп тыңдап, орындайды. Елордасы Астананың, туған қаласының күннен-күнге көркейіп жатқанына қуанып, «Бас қаланың өз бабында болуы үшін халық болып қызмет етіп, үлес қосуымыз керек» деп түйіндейді сөзін  жетпістің жотасына көтеріліп отырған  ағамыз. Мерейлі жасыңыз құтты болсын, аға!

  Аманғали ҚАЛЖАНОВ               

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты