Жастар қалауы – кәсібилік
Жаңалықтар
04.07.2017, 09:57
Жас буын арасында кәсібилікті шыңдау – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Ағымдағы жылдың наурыз айында Семей бөлімшесі бойынша осы бағытта ерекше байқау жарияланған болатын. Жас буынды техникалық білімге ынталандыра отырып, біліктілікті арттыруды көздеген байқау төрт айға созылып, Астана күні қарсаңында мәреге жетті.
Аталмыш конкурсқа пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, машинистер мен вагон қараушылар қатысқан болатын. Қорытынды жиында осы мамандық иелерінен құралған командалар, атап айтсақ, бөлімшеге қарасты Семей, Жаңасемей, Дегелең, Шар, Аягөз сынды ең ірі бес станцияның жас теміржолшылары өзара іріктеліп, ақтық сайысқа түсті.
Алғашқы кезең бойынша әр команда алдын ала әзірленген сауалдарға жауап берді. Қызметтік бағыт бойынша қойылған сұрақтардың жауабын табу оңайға түспеді. Кейбір жауаптар қазылар алқасын қанағаттандырмағандықтан қабылданбай жатты. Әйтсе де, командалар арасынан теміржол саласы бойынша эрудициялық білім қоры мол жігіттер мен қыздардың көп екендігі осы кезеңдерде анық байқалды. Сайыс жайдарман ойындары тәртібімен өткендіктен де жастар үшін мейлінше қызықты әрі тартымды өрбіді.
Әрбір кезең арасында байқаудың басқа да аталымдары яғни, «Үздік техникалық дәрісхана», «Үздік бейнефильм» бойынша жүлдегер атанған бейнероликтер көрерменге көрсетіліп отырды. Бұл материалдар арнайы құрылған комиссияның қарауынан өтіп, ұзақ талқыланған соң ғана жеңімпаздар анықталыпты. Нәтижесінде «Үздік техникалық дәрісхана» аталымын арнайы жабдықталған кабинеті барлық талапқа сай келетін Жаңасемей станциясы жеңіп алыпты. Ал, «Үздік бейнефильм» аталымын тепловоз бригадасының қарбаласқа толы бір күндік қызметін санаулы минуттан тұратын кадрларға әсерлі түрде сыйдырған, шығармашылық тұрғыдан айрықша тапқырлық танытқан Аягөз локомотив пайдалану депосының теміржолшылары иеленді. «Менің сүйікті мамандығым» атты әуесқой бейнефильмді машинистердің өздері әзірлепті.
Жалпы байқауды ұйымдастыру арқылы жастардың біліктілігін шыңдау, ұжымдық әрекеттестікті дамыту, мамандардың өз қызметтеріне құштарлығын арттыру көзделген болатын. Бұл туралы байқау қорытындысын жариялауға сахна төріне шыққан бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Гүлнар Төлеуханова айтып өтті. Ал, бөлімшенің бас инженері Отарбек Кемелбекұлы осынау шараның өту барысына тоқтала келе, жастардың кәсібилікке деген ынтасына қазылар алқасының көңілі толатынын жеткізді.
Нәтижесінде барлық кезеңнен сүрінбей өткен аягөздік жастардан құралған «Аягөз» командасы жеңімпаз атанып, бірінші орынды жеңіп алды. Осыған дейін жайдарман ойындары бойынша төрт бірдей бөлімше арасындағы ойындардың жүлдегері атанған аягөздіктер бұл жолы да жасындай жарқылдады.
Ал, жүлделі екінші орынды Жаңасемей теміржолшыларының «Экспресс» командасы иеленсе, үшінші орын Дегелең жастарының еншісіне тиді. Сонымен қатар әр аталым бойынша да байқау жеңімпаздары анықталып, барлығы Астана бедерлі мақтау грамотасымен және қаржылай сыйақымен марапатталды.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты