Қызылордадан – Түркістанға…
Жаңалықтар
04.07.2017, 10:03
Астана күні қарсаңында Сыр елінің теміржол вокзалынан «Қызылорда – Түркістан» бағытындағы №6843/6844 жолаушылар пойызы жолға шықты.
Жаңа бағыт «Қала маңындағы тасымал» АҚ өкілдері мен Қызылорда облыс әкімдігінің келісімімен жүзеге асырылыпты. Жолаушылар пойызының алғашқы сапарын шығарып салуға келгендер арасынан сөз алған Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішев жергілікті әкімшілік пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының алыс-жақын елдермен және көрші облыстармен ара қатынасты нығайтып, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жұмыстарына сәттілік тілеп, батасын берді.
– Билет бағасы өзге жолаушы пойыздарына қарағанда әлдеқайда арзан, көпшілік үшін қолжетімді. «Қызылорда – Бесарық – Түркістан» қатынасы бойынша бастапқы аялдамадан Қызылорда станциясынан соңғы аялдама Түркістан станциясына дейінгі жол жүру бағасы 1027 теңгені құрайды. Қызылордадан аптасына 5 күн – дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүретін қаламаңы құрамы небәрі екі вагоннан құралған. Жергілікті тұрғындар тез құлақтанып үлгеріп, билеттің дені сатылып үлгерген, – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» филиалы ЛБК маманы Жеміс Ғазизқызы.
Жаңа құрам Шымкент қаласында жасақталыпты. Жолсеріктер алғашқы вагонға енген жолаушыларға рейс ашу дастарханын жайып қарсы алуда.
Бұған дейін іргедегі Түркістанға қатынайтын жолаушы пойызының қатынасы шектелгендіктен жергілікті тұрғындар өзге тасымал көліктерін пайдаланып келсе, алдағы күндерде бөлімшенің оңтүстігінде орналасқан 27 станция мен бекеттерге аялдайтын жолаушы пойызы жолаушысын Түркістан қаласына 6 сағат 40 минутта жеткізсе, 7 сағат 27 минутта кері қайтатын болады. Жолаушылар пойызы Қызылордадан 07 сағат 20 минутта жөнелтіліп, сағат 14-00 де Түркістанға жетеді де, кері бағыттағы пойыз Түркістаннан сағат 07-33-те шығып, Қызылордаға сағат 00-59 минутта келетін болады.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты