Әйтеке биде жаңалық көп
Жаңалықтар
04.07.2017, 10:06
Әйтеке би – осыдан он жыл бұрын салынған «Хромтау – Алтынсарин» магистрлының бойында ашылған станция.
Станция басшысы Жандос Әбдіжәлелов бүгінде тиелетін астық көлемінің артып келе жатқанын жеткізді.
-Жыл басынан бері көрсеткіш артып келеді. Тәулігіне төрт астық тасымалдайтын вагон тиеледі. Қосымша вагондар жалға алынып жатыр. Астақ негізінен Солтүстік Кавказ бағытына қарай жөнелтіледі, - дейді станция басшысы.
Айта кетейік, Әйтеке би станциясында штаттық кестеге сәйкес 34 адам қызмет етеді. Биылдан бастап жүк және жедел жұмыстарға жауапты басшы орынбасары штаты ашылған.
Станция басшысының айтуынша, дәл қазір текше тас тиеу жұмысы тұралап тұр. Дегенмен, тамыз айында текшетас өндірісімен айналысатын кәсіорын жұмысы араға бір жарым жыл салып қайта жанданбақ. Сосын, тамыз айында көмір тасымалы да басталады. . Маңғыстаудың ақ тасына да сұраныс артып келеді екен. Жергілікті жеңіл ақ кірпіштер де тасымалдана бастаған, құрылыс блоктары да көптеп жеткізілуде.
- Біздегі тағы бір жаңалық, ЭКСПО көрмесіне орай жолаушылар пойыздары саны артты. Бүгінде Астана мен батыс аймақтағы облыс орталықтарын жалғайтын бір емес, екі пойыздан бар. Әсіресе, отандық «Тұлпар-Тальго» пойыздары көбейіп, біздің станцияда да жұмыс көлемі артты, - дейді станция басшысы.
Бүгінде станцияға кіре беріс көздің жауын алады, жасыл желек жайқалып тұр. Сонымен бірге, теміржол мен ауылдың арасы бұрын бос кеңістік болса, осы жылдан бастап вокзалға апаратын жол төселіп, аллея жасалып жатыр. Гүлзарлар отырғызылып, отырғыштар қойылуда.
Жергілікті әкімдік қолға алған абаттандыру жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталады деп күтілуде.
Асқар Ақтілеу, Әйтеке би
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты